Турнир күштік құрылымдардың киберқауіпсіздік саласы қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру, киберқауіптерді анықтау мен алдын алу дағдыларын жетілдіру, командалық өзара әрекеттестікті нығайту және ақпараттық кеңістіктегі келеңсіздіктерге әзір болуға бағытталған.
“Киберқауіпсіздік – біздің қорғаныс шебіміз” ұранымен өтетін турнирге ҚР МКҚ, ҚР ҰҚК, ҚР ҚМ, ҚР ІІМ, ҚР ҰҰ, “Мемлекеттік техникалық қызмет” АҚ өкілдерінен құралған 10 команда қатысады.
Турнир жеңімпаздары “қалалық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды бұзу”, “радиосигналды бұғаттау”, ЖК аппараттық бөлігін бұзу” секілді шартты тапсырмаларды орындаудан жинаған ұпай санына қарай анықталады.
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ұйымдастыруымен 12-13 желтоқсанда Астана қаласында “Cyber Challenge Kazakhstan” форумы өтіп жатыр. Форумда киберқауіпсіздік мәселелері талқыланатын пікірталас алаңы, сондай-ақ, күштік құрылымдар командалары арасындағы кибертурнир ұйымдастырылған.
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.