Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндірудің қорытынды онлайн-кеңесін өткізді. Талқылауға “Атамекен” ҰКП, “Бәйтерек “ҰБХ” АҚ барлық облыстық филиалы, бизнес, әкімдік өкілдері қатысты. Ағымдағы жылғы 27 қараша мен 5 желтоқсан аралығында барлық өңірде кездесу өткізілді. Оларға 500-ден астам адам қатысты.
19 қарашада Үкімет отырысында ұсынылған бағдарлама макроэкономикалық тұрақтылықты нығайтуға, инфляцияны төмендетуге, ішкі өндірісті молайтып, азаматтардың әл-ауқатының тұрақты өсуіне арналған. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ұсынылған шаралар ортамерзімдік перспективада тұрақты экономикалық дамудың берік іргетасын қалайтынын атап өтті.
Бағдарламаны іске асырудың негізгі операторы ретінде “Бәйтерек” ұлттық инвестициялық холдингі белгіленген. Ол кәсіпкерлікті, экспорттық жобаларды, АӨК және қолжетімді тұрғын үй бағдарламаларын және т.б. қолдайды. Холдинг екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, ірі инвестициялық жобалар үшін де, экономикалық өсудің жаңа нүктелері үшін де нақты секторға ұзақмерзімдік кредит берудің негізге көзіне айналмақ. 2026 жылғв холдинг жобаларының портфелі мыналар: 42% – химия және мұнай – газ химия өнеркәсібі, 19,6% – көлік және логистика, 12,1% – энергетика, 7,1% – ТМК, 6,4% – АӨК және тамақ өнеркәсібі.
Қаржыландырға қол жеткізу үшін Үкімет 2026 жылы холдингке капиталдандыру үшін 1 трлн теңгеге дейін қаржы бөлуді жалғастырады. 2027-2028 жылдары қосымша қолдау мәселесі ағымдағы экономикалық жағдай мен нақты сектордың қажеттілігіне сүйене отырып, қаралмақ.
“Инвестицияға тапсырыс” бағдарламасы шеңберінде холдинг өңірдегі жобаларды талдау үшін әкімдіктермен жұмыс кездесуін өткізеді. Орталық мемлекеттік органдар да өз ұсынысын құрмақ. Барлық бастама жүйелі сүйемелдеу үшін ұлттық цифрлық платформаға енгізіледі.