Ақмола облысында бірыңғай цифрлық архитектураны құруға және деректерге негізделген басқаруға көшуге бағытталған Цифрландыру стратегиясы бекітілді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
Тың өзгерістердің орталық элементі ретінде барлық салалардың деректерін біріктіретін және жедел шешім қабылдауды қамтамасыз ететін «ДиДжитал Ақмола» жобасы атанды. Платформа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бірыңғай көрінісін қалыптастыра отырып, әртүрлі дереккөздерден ақпаратты нақты уақыт режимінде жинақтайды, өңдейді және талдайды. Бұл мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыру және басқарудың ашықтығын арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Облыс әкімінің айтуынша, қауіпсіздік пен жедел әрекет етуді арттыруға арналған цифрлық шешімдерге ерекше назар аударылады. Барлық шұғыл және сервистік қызметтерді біріктіру үшін өңірде «ЭйAй Көмек» бірыңғай интеллектуалды платформасы құрылды. Жобаның пилоттық іске қосылуы «АйКөмек-109» және «112» қызметтерінің қосылуымен жүзеге асты, жыл соңына дейін «103» қызметін интеграциялау жоспарлануда. Сондай-ақ, «102» қызметін интеграциялау мәселесі қарастырылуда, бұл әкімдік, коммуналдық кәсіпорындар және халық арасындағы өзара іс-қимылды жақсартып, әрекет етуді айтарлықтай жеделдетеді.
«Басым бағыттардың қатарында – жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын дамыту. Жыл басынан бері 2500-ден астам тұрғын, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер және жастар цифрлық құзыреттіліктер бойынша оқытылды», – деп атап өтті облыс әкімі Марат Ахметжанов.
Денсаулық сақтау саласында дәрігердің ЖИ-ассистенті Ascle AI жобасы іске асырылды. Ол науқас қабылдауды тіркеп, негізгі ақпаратты автоматты түрде алады, қажетті құжаттаманы толтырады және 80% дейін дәлдікпен алдын ала диагноз қояды. Көкшетау, Степногорск, Қосшы және Ақкөл қалаларын қамтыған жоба, көмек көрсетуді жеделдетуде және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік беруде.
Осылайша, Ақмола облысы деректер мен технологиялар азаматтардың, бизнестің және мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істейтін заманауи цифрлық экожүйені қалыптастыруда, ал жасанды интеллект мемлекеттік басқарудың тиімділігін және халықтың өмір сүру сапасын арттыру құралына айналуда.
Акмолинская область: цифровизация как основа нового управления
В Акмолинской области утверждена Стратегия цифровизации, направленная на создание единой цифровой архитектуры и переход к управлению на основе данных. Об этом сообщил аким Акмолинской области Марат Ахметжанов на брифинге в Службе центральных коммуникаций.
Центральным элементом трансформации стал проект «ДиДжитал Акмола», объединяющий данные всех сфер и обеспечивающий оперативное принятие решений. Платформа в реальном времени собирает, обрабатывает и анализирует информацию из различных источников, формируя единую картину социально-экономического развития региона. Это открывает новые возможности для оптимизации работы государственных органов и повышения прозрачности управления.
По словам акима области, особое внимание уделяется цифровым решениям для повышения безопасности и оперативности реагирования. Для интеграции всех экстренных и сервисных служб в регионе создана единая интеллектуальная платформа «Эй Ай Комек». Пилотный запуск проекта уже состоялся с подключением службы АйКомек-109 и 112, до конца года планируется интеграция со службой 103. Также рассматривается вопрос интеграции со службой 102, что позволит значительно ускорить реагирование и улучшить взаимодействие между акиматом, коммунальными предприятиями и населением.
«В числе приоритетных направлений – развитие технологий искусственного интеллекта (ИИ). С начала года обучением цифровым компетенциям охвачено более 2 500 жителей, включая государственных служащих, предпринимателей и молодежь», – отметил аким области Марат Ахметжанов.
В здравоохранении реализован проект Ascle AI – ИИ-ассистент врача, который фиксирует прием пациентов, автоматически извлекает ключевую информацию, заполняет документацию и формирует предварительный диагноз с точностью до 80%. Проект охватывает Кокшетау, Степногорск, Косшы и Акколь, ускоряет оказание помощи и повышает качество медицинских услуг.
Таким образом, Акмолинская область формирует современную цифровую экосистему, где данные и технологии работают на благо граждан, бизнеса и государства, а искусственный интеллект становится инструментом повышения эффективности государственного управления и качества жизни населения.