IT секторының өсуі және стартаптарды қолдау

Отандық компаниялар ұсынған IT-қызметтердің көлемі 2021 жылы 646 млрд теңгеден 2024 жылы 1,74 трлн теңгеге дейін өсті. IT қызметтерінің экспорты 2021 жылы $60,07 млн-нан 2024 жылы $690,7 млн-ға дейін өсті. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш $515,5 млн-ды құрады.

Astana Hub алаңында стартаптар мен IT-компанияларды қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру жалғасуда. Бүгінгі таңда Astana Hub экожүйесі 1832 компанияны біріктірді, оның ішінде 465-і шетелдік компания. Қатысушылардың табысы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 368,3 млрд теңгені құрады.

Қазақстан InDrive, Netcracker, Playrix, Telegram және тағы да басқа технологиялық алпауыттармен белсенді ынтымақтастық орнатып келеді.

Мемлекеттік қызметтердің онлайн-форматы

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 90,4%-ы онлайн режимінде қол жетімді, ал 1 448 қызметтің басым көпшілігін интернет арқылы алуға болады.

Қызметтердің 90,6%-ы смартфоннан қол жетімді, бұл үдерісті азаматтар үшін мүмкіндігінше ыңғайлы етеді. Қағаз аналогтарын толығымен алмастыратын цифрлық құжаттардың 39 түрі енгізілді.

Жоғары жылдамдықты интернет – шалғай ауылдарға

Бүгінгі таңда Қазақстанның 6 179 елді мекенінің 119 қаласы мен 4 906 ауылы байланыспен қамтамасыз етілген, оның 2 724-і 3G технологиясы бойынша, ал 2 182-і 4G бойынша қосылған. интернетке тіркелген қолжетімділік 1 902 ауылда (ADSL) және 2 654 ауылда (ТОБЖ) бар.

2027 жылдың соңына қарай тағы 3 мың ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарлануда. Қосымша 504 шалғай елді мекенді спутниктік технологияларды пайдалана отырып желіге қосу жоспарлануда. Оның 176-сы KazSat арқылы байланыспен қамтамасыз етілген, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 328 ауыл OneWeb арқылы қосылатын болады.

2025 жылғы маусымда Starlink-пен келісімге қол қойылды, ол осы жылдың 13 тамызынан бастап Қазақстанда ресми түрде қызмет көрсете бастады. Бүгінгі таңда Starlink спутниктік интернеті 1,7 мыңнан астам ауылдық мектептерде жұмыс істейді.

Жалпы, 2025-2027 жылдары 3 мыңнан астам ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке қосылатын болады.

📱 @KZgovernment

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.