Ұлттық суперкомпьютер және ЖИ платформасы

Қазақстанда биыл Ұлттық суперкомпьютерлік орталық – Alem.cloud іске қосылды. Оның мүмкіндіктері мемлекеттік органдар, ғылыми институттар, жоғары оқу орындары, бизнес және стартаптар үшін қолжетімді.

Суперкомпьютер мемлекеттік қызметтерде қолданылатын қолданбалы ЖИ-модельдерін, соның ішінде үлкен тілдік модельдерді оқыту, ЖИ агенттерін әзірлеу, деректерді талдау, мазмұнды құру және модельдеу міндеттерін тестілеу үшін қолданылады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр жетекшілік ететін Цифрлық штаб құрылды. 200-ден астам компоненттер бойынша ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың кешенді жоспары бекітілді, бұл еңбек шығындарын қысқартуға, қайталануды жоюға және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Деректерді қорғау үшін барлық мемлекеттік органдардың Aitu қазақстандық мессенджеріне көшуі жүзеге асырылуда. Азаматтарға eGov, eOtinish, Aitu және тағы да басқа қызметтерге тіпті ұялы байланыстың нөлдік теңгерімінде де тегін қол жеткізу қамтамасыз етілген.

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.