Ақмола облысында Бірыңғай медициналық көмек пакеті енгізілмек

Көкшетауда өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында денсаулық сақтау жүйесінде қолға алынатын жаңа реформаларға арналған брифинг өтті. 2026 жылдан бастап елімізде Бірыңғай медициналық көмек пакетіне (БМКП) кезең-кезеңімен көшу басталады. Бұл өзгеріс Ақмола облысының және бүкіл Қазақстан халқының медициналық қызметтерге қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің басшысы Гүлмира Мұқашеваның айтуынша, жаңа бастама тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС аясындағы қызметтерді нақты шектеуге, олардың қайталануын болдырмауға және ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашады.

“Бірыңғай пакет арқылы әрбір азамат – оның сақтандыру мәртебесіне қарамастан – онкоскрининг, вакцинация, шұғыл медициналық көмек сияқты негізгі қызметтерге қол жеткізе алады”, – деді Мұқашева.

Оның айтуынша, бұл реформа ауруларды ерте анықтауға да елеулі әсер етеді. Онкоскринингтер барлық адамға қолжетімді болмақ, бұл қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтап, дер кезінде емдеуді бастауға мүмкіндік береді. Сақтандырылмаған азаматтар да әлеуметтік маңызы бар ауруларға күдік туындаған жағдайда тегін тексеруден өте алады, жедел жәрдем шақырып, бірқатар дерт бойынша дәрі-дәрмек пен паллиативтік көмек ала алады.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазірдің өзінде реформаға дайындық жұмыстары басталып кеткен: көрсетілетін қызметтерге талдау жасалып, тұрғындар мен медицина қызметкерлеріне арналған түсіндіру материалдары әзірленіп жатыр.

Мамандардың пікірінше, бұл реформа соңғы жылдардағы ең маңызды өзгерістердің бірі болмақ. Ол тұрғындардың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін арттырып, негізгі медициналық көмекті баршаға түсінікті әрі қолжетімді

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.