9 Мамыр – Жеңіс күні: Ерлік пен рухани бірліктің символы
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні тек әскери жеңіс мерекесі ғана емес,
адамзаттың бейбіт өмірге, әділетке және рухани тұтастыққа деген
ұмтылысының көрінісі. Бұл күн бізге өткеннің ауыр сабағын, татулық пен
ынтымақтың мәңгілік құндылық екенін еске салады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан мен тылда жүрген талай
азаматтар тек қаруға емес, жүректеріндегі сенім мен үмітке сүйенді.
Соғыстың сұрапыл сәттерінде адамдар дін мен руханияттан медет іздеді. Әр
ұлттың сарбаздары өз тілегі мен дұғасын арнады. Бұл – адам рухының сын
сағаттағы беріктігінің дәлелі.
Соғыс жылдарында мешіттер мен шіркеулерде тыныштық пен
бейбітшілік үшін дұға жасалды. Қиын шақта дін өкілдері халықты сабырға,
бірлікке, үміт пен жақсылыққа үндеді. Осылайша, діни сенімдер адамзаттың
ең ауыр сынағы – соғыстың кезінде де рухани тірек бола алды.
Қазақстан – дінаралық келісім үлгісі. Бүгінде Қазақстан – бейбітшілік
пен келісімнің мекені. Әртүрлі этнос пен дінді ұстанатын азаматтар бір
мақсат, бір тағдыр жолында бірігіп, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлікті
бірге еске алады. Елбасының бастамасымен құрылған Әлемдік және дәстүрлі
діндер көшбасшыларының съезі, Конфессияаралық қатынастарды талдау
және дамыту орталығының қызметі – осы жолдағы салиқалы саясаттың
нәтижесі.
Жеңіс күні – бейбітшілікке тағзым күні. 9 мамыр тек естелік емес, бұл
– келер ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын, татулықтың
құндылығын еске салатын күн. Діни сенімдер мен рухани құндылықтар бізді
өткеннің мұрасын құрметтеуге, болашақ үшін жауапкершілікпен өмір сүруге
жетелейді.
Жеңіс күні – ерлік пен бірліктің, руханият пен сенімнің де жеңісі. Бұл –
жүректерді біріктірген ұлы рухтың, түрлі сенім мен мәдениеттің бейбіт қатар
өмір сүруінің дәлелі. Осы күннің мәңгілік мәні – тек өткенді еске алып қана
қоймай, бейбітшілік пен келісім жолында бірлесе өмір сүру.
Мақсат Сайранұлы
Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық
қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ мониторинг
және діни экстремизмге қарсы насихат бөлімінің маманы
9 Мамыр – Жеңіс күні: Ерлік пен рухани бірліктің символы
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.