“Жұмыссыздарды тіркеу” мемлекеттік қызметін.

Қызмет берушінің атауы     Еңбек мобильділігі орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

     Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері           :

1) мансап орталығы;

2) “электрондық үкіметтің” веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал);

 3) enbek.kz порталы

     Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі  2 (екі) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны        Проактивті.

     Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі           Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама не осы талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

     Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері      Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі:

             1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

 2) мансап орталығы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

 3) egov.kz порталы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

4) enbek.kz порталы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы

       Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі      Құжаттарды ұсыну талап етілмейді

       Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер.

      Жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді:

1) он алты жасқа толмаған;

2) жұмыспен қамтылған адамдар;

 3) Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1 – 3-тармақтарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдар;

4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді ұсынған адамдар;

 5) Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;

6) сот шешімі бойынша түзеу жұмыстарына не мәжбүрлеу жұмыстарына, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде тағайындалмаған жағдайда, осындай жазаға сотталған адамдар

     Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда          Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) www.enbek.kz порталы;

2) www.egov.kz порталы;

    Бірыңғай байланыс орталығы: “1414”.

   “Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, содан кейін “цифрлық құжаттар” бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада уәкілетті пайдаланушылар үшін қолжетімді”

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.