Қазақстандағы әйелдердің құқықтарынқорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңыздыбастамаларды жүзеге асыру арқылы адамқұқықтары саласында белгілі бір жетістіктергежетті.

Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауғажәне олардың мүмкіндіктерін кеңейтугебағытталған негізгі халықаралық келісімдер менқұжаттардың қатысушысы болып табылады.

Олардың ішінде әйелдердің жағдайын жақсартужөніндегі Бейжің іс-қимыл платформасы, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлықнысандарын жою туралы БҰҰ Конвенциясы,сондай-ақ әйелдердің саяси құқықтары және ерлермен әйелдердің еңбегіне тең сыйақы туралы конвенция бар. Бұл құжаттар елдің гендерлік теңдікқағидаттарына берілгендігін көрсетеді.

2024 жылғы 7 маусымда Қазақстан алғаш ретәйелдерге қатысты кемсітушілікті жоюмәселелерімен айналысатын CEDAW комитетінің(аудармада – әйелдерге қатысты кемсітушіліктіжою комитеті) құрамында ұсынылды. Бұл ОрталықАзия үшін халықаралық құқық қорғаупроцестеріндегі маңызды қадам болды. 

БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстан заңнамалық деңгейде ерлермен әйелдер құқықтарының теңдігін қамтамасызетеді. 2024 жылдың 16 маусымынан бастап әйелдермен балаларды қорғауды күшейтуге бағытталғанзаң күшіне енді. Онда зорлық-зомбылық үшінжауапкершіліктің қатаң шаралары және отбасыинститутын нығайту шаралары қарастырылған. 

Үкімет сондай-ақ 2024-2027 жылдарға арналғангендерлік теңдікті ілгерілету жөніндегі іс-қимылжоспарын бекітті.  

Қылмыстық-процестік кодексіне зардапшеккендерге арнаулы әлеуметтік қызметтер менөтемақы алуға мүмкіндік беретін өзгерістеренгізілді.

Полицияда әйелдер мен балаларға қатыстыістерді тергеу бойынша арнайы тергеу топтарықұрылды, оларға 260-тан астам әйел тергеушітартылды.

Елдегі дағдарыс орталықтары тұрмыстықзорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсетеді.2024 жылы мұндай орталықтарға 5,5 мың әйелжүгінген, оның 3,7 мың – балаларымен бірге қамтиды.

Уәкіл институты отбасылық-тұрмыстықзорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайыбаяндама дайындады. Ол елдегі жағдайды,халықаралық тәжірибені және осы мәселеменкүресудің ұлттық шараларын талдайды.Баяндамада гендерлік кемсітушілікті жоюға жәнетеңдік мәдениетін дамытуға бағытталғанмемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар бар.Кейбір ұсыныстар қазірдің өзінде жүзеге асырылды: отбасылық-тұрмыстықзорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді, қылмыстың алдын алу және зардап шеккендердіоңалту жұмыстары жүргізілуде.

2024 жылы әйелдер құқығын бұзу мәселелерібойынша жолданымдар саны өткен жылменсалыстырғанда екі есеге жуық өсті. Көбінесе оларотбасындағы зорлық-зомбылыққа, мүліктікдауларға және алимент міндеттемелеріне қатысты.

Мемлекеттік органдар азаматтық қоғаминституттарымен бірлесіп гендерлік теңдікмәдениетін қалыптастыру, стереотиптерді еңсеружәне Қазақстанда әйелдер мен қыздар үшінқауіпсіз орта құру жөніндегі жұмыстыжалғастыруда.

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *