«Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты», – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланың жыл сайынғы жеткіліксіз қаржыландыру мәселесі шешілді.
Көктемгі егіс, егін жинау жұмыстарына және ауыл шаруашылық техникасының лизингіне қомақты қаражат бөлінді. Алғаш рет жеңілдетілген несиелендіру көлемі жылдық 5%-бен 580 млрд теңгеге дейін жеткізілді, ал өткен жылдары бұл көлем 160 млрд теңгеден аспады. Қабылданған шаралар фермерлерге барлық қажетті агротехникалық шараларды толық көлемде өткізуге мүмкіндік берді. Пайдаланатын элиталық тұқымдардың үлесі 7,1%-дан 9%-ға дейін өсті.
Қарыз алушылардың 90%-ын шағын және орта шаруашылықтар құрайды. Олар дамуға қажетті ресурстарға ие болды.
Нәтижесінде 2024 жылы Қазақстан соңғы 13 жылда алғаш рет дәнді және бұршақты дақылдардан 26,7 млн тонна өнім жинады. Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемі 21,1%-ға және мал шаруашылығында 3,2%-ға өсуі ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13,7%-ға ұлғаюына ықпал етіп, 8,3 трлн теңгені құрады.
Бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені 1,1 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Бұл 4 млн-нан астам азаматтың қаржылық әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ауыл шаруашылығы маңызды экономикалық секторға ғана емес әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторына айналуда.
«Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет», – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
2024 жылдың қорытындысы бойынша отандық азық-түлік өндірісі 3,2 трлн теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,9% деңгейінде қалыптасты.
Өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесі 40%-ды құрады. Мемлекет басшысының қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін 70%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін 2028 жылға дейін ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Оның шеңберінде 2024 жылы 279,6 млрд теңге сомаға 286 жоба пайдалануға берілді. Өсімдік майы мен ұн өндірісін қоса алғанда, ішкі сұранысты қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.
Кешенді жоспар өңдеуші кәсіпорындарды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етуге және жеңілдетілген несиелер беруге бағытталған. Бұл өз кезегінде экономиканың өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ететін болады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 тауар түрі бойынша ішкі нарық 100%-ға (бидай ұны, тұз, нан, күріш, макарон, күнбағыс майы, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз, қияр) қамтамасыз етілді. Ал 13 азық-түлік тауарлары бойынша қамтамасыз етілуі 80%-ды (тауық жұмыртқасы, жылқы еті, қызанақ, сүт, қарақұмық жармасы, қырыққабат, бұрыш, пияз, асхана қызылшасы, ашытылған сүт өнімдері, май, алма) құрайды.
Импортқа тәуелділікті азайту мақсатында 2027 жылға дейін жалпы сомасы 2,1 трлн теңгені құрайтын 570 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл ауылдардағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту мен өмір сүру деңгейін көтеру үшін қосымша мүмкіндіктер береді.
Соның ішінде мал шаруашылығы саласында – 152,1 млрд теңгеге 105 жоба, сүт-тауарлы фермалар салу бойынша – 263 млрд теңгеге 101 жоба, құс шаруашылығында – 397,7 млрд теңгеге 31 жоба, қайта өңдеу саласында – 582,6 млрд теңгеге 108 жоба жоспарланған.
АӨК-ке инвестициялар тарту экономикалық өсуге ықпал етіп, ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымды дамытуды ынталандырады.
Астық өндірісі мен экспортын ұлғайту аграрлық сектор өкілдерінің табысын арттырады.
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін нығайту туралы тапсырмасы шеңберінде дәстүрлі өткізу нарықтарын сақтау, экспортты әртараптандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Қазақстан өңірдегі астықтың ірі экспорттаушысы және жыл сайын шамамен 8-9 млн тонна астық экспорттайды. Оның 6,5-7,5 млн тоннасы бидай құрайды. 2024 жылы 8,1 млн тонна экспортталды.
Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Италия сияқты дәстүрлі нарықтар, барлығы 24 ел. Иран мен Әзірбайжанға жөнелтулер жандандырылды.
Мемлекеттік саясаттың маңызды қадамдарының бірі – «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Бағдарлама ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруге арналған және жалпы әлеуметтік мультипликативті әсер береді: әрбір жаңа агрожоба жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал ете отырып, ауылда жаңа жұмыс орындарын ашады.
Бағдарлама аясында 2023 жылдан бастап 16,4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
2024 жылы 744 жаңа жұмыс орнын құрумен 6,5 млрд теңгеге 580 микрокредит берілді. 3,6 млрд.теңгеге 145 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылды.
Азық-түлік қауіпсіздігі мен дәнді дақылдардың өнімділігі Қазақстан халқының экономикасы мен әл-ауқатына мультипликативті әсер етеді. Қайта өңдеу өнеркәсібінің, әлеуметтік саланың, халықаралық сауданың, ауыл шаруашылығы техникасын өндірудің дамуына серпін береді.
Мемлекет елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін, отандық өнімнің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Рекордные 26,7 млн тонн зерновых собрано в Казахстане в 2024 году
«Агропромышленный комплекс должен стать одной из основных движущих сил экономического роста. В этом заинтересованы и бизнес, и государство. Прежде всего, это важно с точки зрения обеспечения продовольственной безопасности. Жизнь и благополучие жителей села также напрямую зависят от состояния отрасли», – Касым-Жомарт Токаев, Президент Казахстана
В 2024 году по поручению Главы государства была решена проблема хронического недофинансирования отрасли.
Значительные средства были выделены на весенне-полевые, уборочные работы и лизинг сельхозтехники. Впервые объем льготного кредитования доведен до 580 млрд тенге под 5% годовых – в предыдущие годы данный объем не превышал 160 млрд тенге. Принятые меры позволили аграриям провести все необходимые агротехнические мероприятия в полном объеме. При этом доля используемых ими элитных семян выросла с 7,1% до 9%.
Малые и средние хозяйства, составляющие 90% заемщиков, получили необходимые ресурсы для развития.
В результате, в 2024 году впервые за последние 13 лет Казахстан собрал 26,7 млн тонн урожая зерновых и зернобобовых культур. Рост объемов производства в растениеводстве на 21,1% и в животноводстве на 3,2%способствовал увеличению объема валовой продукции сельского хозяйства на 13,7%, составив 8,3 трлн тенге.
Сегодня агропромышленный комплекс Казахстана обеспечивает занятость более 1,1 млн человек, что напрямую влияет на финансовое благополучие более 4 млн граждан.Сельское хозяйство становится не только важным экономическим сектором, но и основным фактором социальной стабильности.
«Стратегическая цель нашей страны – стать одним из ведущих аграрных центров Евразийского континента. Это невозможно без поэтапного перехода от первичного производства к выпуску продукции более высоких переделов», – Касым-Жомарт Токаев, Президент РК
По итогам 2024 года отечественное производство продуктов питания составило 3,2 трлн. тенге, индекс физического объема сложился на уровне 102,9%.
Доля переработанной сельхозпродукции составила 40%.Во исполнение поручения Главы государства по доведению доли переработанной сельхозпродукции до 70% утвержден Комплексный план по развитию переработки сельскохозяйственной продукции до 2028 года, в рамках которого в 2024 году введено в эксплуатацию 286 проектов на сумму 279, 6 млрд тенге, включая производство растительного масла и муки, что способствует не только удовлетворению внутреннего спроса, но и увеличению экспортного потенциала.
Комплексный план направлен на обеспечение перерабатывающих предприятий доступным сырьем и предоставление льготных кредитов, что в свою очередь будет способствовать росту экономики и улучшению социального положения населения.
В результате принятых мер по итогам 2023 года по 11 товарным позициям внутренний рынок обеспечен на 100% (мука пшеничная, соль, хлеб, рис, макароны, масло подсолнечное, картофель, баранина, говядина, морковь, огурцы), по 13 продтоварам обеспеченность составляет 80% (яйца куриные, конина, томаты, молоко, крупа гречневая, капуста, перец, лук, свекла столовая, кисломолочные продукты, масло сливочное, яблоки).
Для уменьшения импортозависимости до 2027 года планируется реализация 570 проектов на сумму 2,1 трлн.тенге, что создает дополнительные возможности для улучшения социальной инфраструктуры и повышения жизненного уровня в селах.
В том числе 105 проектов в сфере животноводства на сумму 152,1 млрд.тенге, 101 – по строительству молочно-товарных ферм на сумму 263 млрд.тенге, 31 – по птицеводству на сумму 397,7 млрд.тенге, 108 – по переработке на сумму 582,6 млрд.тенге.
Привлечение инвестиций в АПК также способствует экономическому росту, стимулирует развитие инфраструктуры в сельских населенных пунктах.
Увеличение производства и экспорта зерна повышает доходы представителей аграрного сектора.
В рамках поручения Главы государства об укреплении экспортного потенциала сельского хозяйства продолжается работа по сохранению традиционных рынков сбыта, диверсификации экспорта.
Казахстан является крупнейшим экспортером зерновых в регионе и ежегодно экспортирует порядка 8-9 млн тонн зерновых, из которых 6,5-7,5 млн тонн составляет пшеница. В 2024 году экспортировано 8,1 млн тонн.
Традиционными рынками являются страны Центральной Азии, Афганистан, Китай, Турция, Иран, Италия, всего 24 страны. Возобновлены поставки в Иран и Азербайджан.
Одним из важнейших шагов государственной политики является программа «Ауыл аманаты». Программа призвана повысить уровень жизни сельчан и в целом, производит социальный мультипликативный эффект: каждый новый агропроект создает на селе новые рабочие места, способствуя снижению уровню безработицы.
В рамках программы с 2023 года создано свыше 16,4 тысяч рабочих мест.
В 2024 году выдано 580 микрокредитов на сумму 6,5 млрд. тенге с созданием 744 новых рабочих мест, профинансировано 145 сельхозкооперативов на сумму 3,6 млрд. тенге.
Продовольственная безопасность и урожайность зерновых культур оказывают мультипликативный эффект на экономику и благосостояние населения Казахстана, дают толчок развитию перерабатывающей промышленности, социальной сферы, международной торговли, производству сельскохозяйственной техники.
Государство продолжает работу по обеспечению продовольственной безопасности страны, повышению производительности труда, конкурентоспособности отечественной продукции на международных рынках.