Қазақстан халқыныңүштенбірінбалаларқұрайды: олардыңқұқықтарынқорғауүшінмемлекетқандайзаңнамалықшаралардыкүшейтуде?



 Бүгінде елімізде 6,8 млн бала тұрады, бұл халықтың үштенбірін құрайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша құқықтық базаны нығайту бойынша үш негізгі заңқабылданды және біздің кішкентай азаматтарымыздықорғау үшін пәрменді тетіктер енгізілді.

 Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша қабылданған ҚР Заңының маңызды бастамасы – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамғабейімдеу үшін тәлімгерлер институтын құру болды. Бүгінгітаңда 330-дан астам бала қажетті қолдау алуда.

 Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігінқамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР Заңындағы негізгі шаралардың бірі – балаларға қатысты құқық бұзушылықтарүшін жазаны қатаңдату және кәмелетке толмағандарғажәбір көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуболды. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейту мақсатындабалаларды қоғамдық көліктен түсіріп кетуге тыйымсалынды.

2025 жылдан бастап мектептер мен колледждердереспубликалық бірыңғай «111» байланыс орталығына жеделхабарласа алатын QR-кодтар енгізілді. Биылғы жылдыңқаңтар айындағы мәлімет бойынша байланыс орталығына17 400 бала жүгінген.

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар, білімберу және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қабылданған үшінші Заңында кәсіби қабылдаушыотбасыларды құру және жетім балаларға арналғанжағдайларды жақсарту бойынша нормалар қарастырылған.

 Бүгінгі таңда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82%-ы қазақстандық отбасылардатәрбиеленуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша тағы 3 мыңнан астам бала жаңа отбасын тапты.

 2025 жылдан бастап отбасылық орналастырудың жаңа түрі– кәсіби қабылдаушы отбасылар енгізілмек. Бұл бастамақиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қамқорлықкөрсетіп, оларға үй жағдайында қолайлы орта құрумақсатында жүзеге асырылады.

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *