Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сыныпоқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуүшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді Жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылғанотбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсетубиылғы жылдан басталады. 30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Негізгі жаңалықтардың бірі жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақтандыру. Жаңабастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды. Оны жүзегеасыруға жергілікті бюджеттен 12 млрд-тан астам теңгебөлінді. Сондай-ақ Заң мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын оқушылар үшін әлеуметтік қолдау шараларынкеңейтуді көздейді. Бұрын «Жалпыға бiрдей білім беру» қорынан мектеп керек-жарақтары мен кеңсе тауарларынсатып алуға көмек тек мемлекеттiк мектеп оқушыларынағана көрсетiлген болатын. Енді ол жекеменшік мектепоқушыларына да қатысты болады.

«Жаңа заң аясында жергілікті атқарушы органдарғаменшік нысанына қарамастанәлеуметтік осалотбасылардың барлық балаларына әлеуметтік көмеккөрсету құзыреті беріледіБұл барлық балалар үшін теңмүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған маңыздықадам», – деп мәлімдеді ҚР Оқу-ағарту министрі ҒаниБейсембаев.



 Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысыныңтапсырмасы бойынша 2023 жылдың қыркүйегінен бастапбастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік санаттағы 5-11 сынып оқушылары үшін мемлекеттік мектептерде тегіныстық тамақ ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылындамемлекеттік мектептерде оқитын 1,7 млн-нан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. «Жалпыға бірдей білімберу» қоры аясында 510 мың оқушыны құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қосымша 22,5 млрд теңгебөлінді.

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *