Целиноград ауданының Нұрлы ауылында газдандыру жобасы аяқталып жатыр
Целиноград ауданында газ құбырын тарту және газ тарату желілерін салу бойынша жоба белсенді жүзеге асырылып жатыр. «Qazaq Gaz Aimaq» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында қаржыландырылып жатқан Нұрлы ауылындағы жобаның жалпы сметалық құны 1,7 млрд теңгені құрайды, ал оның 2025 жылдың қаңтарында іске асырылатыны жоспарланған, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Жоба аясында жалпы ұзындығы 68 шақырым болатын газ құбыры салынады, оның ішінде жоғары, орта және төмен қысымды газ құбырлары бар. Газбен жабдықтауды реттеу үшін бір блоктық газ реттегіш станциясы және алты шкафтық газ реттегіш станциясы қарастырылған. Газдандыру 1044 абонентті қосуға мүмкіндік беріп, газ тұтыну көлемі сағатына 4995,42 текше метрге дейін жетеді.
Жобаның мердігері – «Тараз Агро Пром Сервис» ЖШС. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын, ал алдағы айларда барлық негізгі кезеңдердің аяқталуы күтілуде. Пайдалануға беру 2025 жылдың қаңтарына жоспарланған.
Бұл жоба Целиноград ауданының инфрақұрылымын жақсартуда маңыздықадам болып табылады. Нұрлы ауылының тұрғындарына ыңғайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етіп, өңірдің энергия тиімділігін арттыруға ықпал етеді.