Активті мәжбүрлеп қайтару мен келісім арқылы қайтарудың айырмашылығы неде

Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков заңсыз иемделген активтерді өз еркімен қайтару иесіне қандай артықшылық беретінін еске салды.

Оның сөзінше бүгінге дейін қайтарылған активтің басым бөлігі ерікті түрде, екіжақты келісім негізінде мемлекет меншігіне өткен.

— Ерікті қайтарудың артықшылығы теңқұқылы келісім процедуралар қолданылатынында. Яғни, екі тараптың әріптестігі нақты шарттармен белгіленеді. Мысалы, мәжбүрлеп қайтару тәсілінде заңсыз иемделді деп есептелген мүліктің бәрі түгел мемлекетке өтуі керек. Ал ерікті түрде қайтарған кезде мүліктің бір бөлігі иесінде қалуы мүмкін. Ондай шешімді комиссия қабылдайды, — деді ол Kazinform агенттігіне берген эксклюзив сұхбатында. 

Комитет басшысы мүлікті ерікті қайтарудың тағы бір жолы бар екенін айтады. Ол жолды таңдағандар мемлекеттің ұсынысын немесе талабын күтпей-ақ, өз еркімен әлеуметтік маңызы бар жобаларды өз қалтасынан іске асыруға кірісіп те кеткен. 

Заңсыз активтерді қайтару туралы заң күшіне енгеннен бері бұл істе «негізсіз баю» негіздемесі бойынша істер қозғала бастаған болатын. 

— Осындай істің бірі сотқа түскен бойда жауапкер тарап бірден біздің талаппен келісіп, мүлікті мемлекетке қайтарды. Қалған екі істе мәжбүрлеп қайтару тәсілі аяғына дейін қолданылды. Оның біреуі бойынша сот шешімімен 5 млрд теңге толық қайтарылды. Екінші істің шешімін апелляциялық сот қарап жатыр, — деді Бас прокуратура өкілі.

https://kaz.inform.kz/news/aktivt-mazhburlep-kaytaru-men-kelsm-arkili-kaytarudin-ayirmashiligi-nede-3dd76a
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *