Ақмолаоблысыныңэкономикасыалдағы5жылдақарқынды дамиды

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың 2025-2029 жылдарға арналған бес жылдық болжамын таныстырды. Құжат аграрлық және өнеркәсіптік секторларды қоса алғанда, экономиканың негізгі салаларының өсуін, сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздейді. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Болатбаева брифингте мәлім етті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Оның айтуынша, облысты дамытудың басты бағдары жалпы өңірлік өнімді ұлғайту болып табылады. Алдын ала болжам бойынша 2029 жылға қарай өңірлік өнім көлемін 105 пайызға арттыру көзделген. Алдағы бес жылда жалпы өңірлік өнім құрылымына негізгі үлесті өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қамтамасыз етеді.

«2029 жылға қарай өнеркәсіп секторы 1,5 есе өседі. Бұған қайта өңдеу өндірістерін қолдаудың және тау-кен металлургиясы, машина жасау, химия өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі сияқты салаларды дамытудың арқасында қол жеткізіледі. Ауыл шаруашылығында 1,7 есе өсім болжанады, бұл егіс технологияларын жаңғырту мен мал шаруашылығын қолдауды қамтамасыз етеді», – деді Гүлнар Болатбаева.

Тұрғын үй инфрақұрылымын жақсарту және құрылыс секторын дамыту мәселелері – басымдықтардың қатарында. 2029 жылға қарай 3,7 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, бұл сапалы тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жоспарларды іске асыру үшін құрылысты дамытуға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторын  жаңғыртуға инвестицияларды қоса алғанда, саланы кешенді қолдау қажет болады.

Бағдарламаның ажырамас бөлігі-көлік инфрақұрылымын жаңғырту, ол облыс және аудан орталықтары арасындағы байланысты жақсартуға, сондай-ақ шалғайдағы кенттер үшін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге тиіс. Осы жобалар есебінен көлік қызметтері көлемінің жыл сайын 2% деңгейінде өсуі жоспарланған. Сонымен қатар, 2027 жылға қарай барлық ірі елді мекендерде «Қолжетімді интернет»ұлттық жобасын іске асырудың арқасында сапалы интернет пайда болады.

«Даму жоспары білім беру мен денсаулық сақтауды қоса алғанда, әлеуметтік салаға қомақты инвестициялар салуды көздейді. 2029 жылға қарай мектепке дейінгі тәрбие жүйесін жаңғырту және мектеп жасына дейінгі балаларды білім беру мекемелерімен жүз пайыз қамтуды қамтамасыз етеді. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 9 жаңа мектеп салынады, олардың алтауының құрылысы аяқталды, бұл өңірдің өсіп келе жатқан халқының қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді», – деп толықтырды Гүлнар Болатбаева.

Денсаулық сақтау саласында алғашқы медициналық көмекке баса назар аударылады. 38 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу және орталық ауруханаларды жаңғырту жоспарланған. Бұл шаралар халықтың, әсіресе ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бес жылдық бағдарлама аясында еңбек нарығы белсенді дамуы тиіс. Еңбек нарығының 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы облыста жыл сайын 18 мыңнан астам жұмыс орнын құруды, кадрларды оқыту мен қайта оқытуды, жеңілдетілген шағын кредит беру арқылы жастарды қолдауды және халықтың осал топтары үшін бизнес-идеяларды дамытуға гранттар беруді көздейді. Бұл шараларжұмыссыздықты азайтуға және жас мамандардықолдауға бағытталған.

ЕСКЕРТУ: Ұсынылып отырған мақала Ақмола облысыӨңірлік коммуникациялар қызметінің меншігі болыпсаналадыМатериалды көшіруге ақпарат көзіне – rsk_aqmola (авторлық құқық иесігиперсілтеме жасайотырып рұқсат етіледі.

Акмолинская область готовится к пятилетнему росту экономики

Акмолинская область презентовала пятилетний Прогноз социально-экономического развития на 2025-2029 годы. Документ предполагает рост ключевых отраслей экономики, включая аграрный и промышленный сектора, а также реализацию крупных инфраструктурных проектов. Об этом на брифинге рассказала замруководителя облуправления экономики и бюджетного планирования Гульнара Болатбаева, передает Региональная служба коммуникаций. 

Главным ориентиром развития области станет увеличение валового регионального продукта, который по прогнозам к 2029 году вырастет до 105%. В ближайшие пять лет основной вклад в структуру ВРП обеспечат промышленность и сельское хозяйство.

“Ожидается, что к 2029 году промышленный сектор вырастет в 1,5 раза. Это станет возможным благодаря поддержке перерабатывающих производств и развитию таких отраслей, как горно-металлургия, машиностроение, химическая промышленность, пищевая индустрия. В сельском хозяйстве прогнозируется рост в 1,7 раза, что обеспечат модернизация посевных технологий и поддержка животноводства”, – рассказала замруководителя облуправления экономики и бюджетного планирования.

Среди приоритетов – улучшение жилищной инфраструктуры и развитие строительного сектора. К 2029 году планируется построить 3,7 млн квадратных метров жилья, что позволит увеличить доступность качественного жилья. Для реализации этих планов потребуется комплексная поддержка отрасли, включая инвестиции в развитие строительства и модернизацию ЖКХ.

Неотъемлемая часть программы – модернизация транспортной инфраструктуры, что должно улучшить связь между областным и районными центрами, а также обеспечить доступность услуг для отдаленных поселков. За счет этих проектов планируется ежегодный рост объема транспортных услуг на уровне 2%. Кроме того, уже к 2027 году во всех крупных населенных пунктах появится качественный интернет благодаря реализации национального проекта «Доступный Интернет».

“План развития предполагает значительные вложения в социальную сферу, включая образование и здравоохранение. К 2029 году планируется модернизировать систему дошкольного воспитания и обеспечить стопроцентный охват детей дошкольного возраста образовательными учреждениями. В рамках проекта «Комфортная школа» будет построено 9 новых школ, из них 6 уже завершены, что поможет удовлетворить потребности растущего населения региона”, – отметила Гульнара Болатбаева.

В сфере здравоохранения акцент будет сделан на первичную медицинскую помощь. Планируется построить 38 объектов первичной медико-санитарной помощи и модернизировать центральные больницы. Эти меры позволят улучшить доступ к медпомощи для жителей, особенно в сельских районах.

В рамках пятилетней программы будет активно развиваться рынок труда. Концепция трудового рынка на 2024-2029 годы предполагает ежегодное создание свыше 18 тысяч рабочих мест в области, обучение и переобучение кадров, поддержку молодежи через льготное микрокредитование и предоставление грантов на развитие бизнес-идей для уязвимых групп населения. Эти меры направлены на снижение безработицы и поддержку молодых специалистов.

ПРИМЕЧАНИЕ: Данная статья является собственностью Региональной службы коммуникаций Акмолинской области. Копирование материала допускается с гиперссылкой на источник информации – rsk_aqmola (правообладатель авторского права).

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *