Инклюзия «баршаға»: Целиноград ауданында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған қолдау кабинеттері ашылды

2024 жылғы 24 қазанда Ақмола облысының Целиноград ауданында Ы. Алтынсарин, Кызылжар, Оразақ және Қараменді батыр ауылдарының мектептерінде инклюзияны қолдау кабинеттерінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылды. Оған Ақмола облысы білім басқармасыбасшысы Айнагүл Балташева«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорыныңорынбасары Досбол Көшербаев, «AMANAT» партиясыныңЖҚ «Жастар Рухы» төрағасы Акерке Искандерова«Esen Foundation» қорының білім беру жобаларының жетекшісі Камила Башарова және «Baquatty Aimaq Qory» қорының директоры Гүлмира Абельдинова қатысты.

Бұл кабинеттер «Baquatty Audan» бастамасының кешендібағдарламасы аясында, «AMANAT» партиясыныңқолдауымен, «ANSA» және «Esen Foundation» жекеқорларының қатысуымен ашылып жатыр. Бұл бастама ауылтұрғындарының өмір сүру сапасын білім беру, денсаулықсақтау және инклюзия салаларында жақсартуға бағытталғанбірқатар жобаларды қамтиды. 

Бүгін сол жобалардың бірі – инклюзия кабинеттері Ы. Алтынсарин, Кызылжар, Оразақ және Қараменді батыр ауылдарының мектептерінде іске қосылды, оған демеушіретінде «Samruk-Kazyna Trust» қоры қосылды.

Бұл жобаның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктерібар ауыл балаларының мектептерде білім алуына мүмкіндік беру. Жаңа кабинеттердің ашылуы арқылы ондаған бала жалпы білім беру процесіне қосылып, өз қатарластарымен бірге оқуға мүмкіндік алады.

Инклюзияны қолдау кабинеттері ерекше қажеттіліктері бар балаларға жеке оқу тәсілін қамтамасыз етеді. Әр балаға мұғалімдер, педагог-ассистенттер, логопедтер және дефектологтар секілді мамандар көмек көрсетеді. Бұл мамандар оқытудың барлық кезеңдерінде балаларды қолдап отырады. Мұндай жағдайлар балалардың тек білім алуына ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметтенуіне де ықпалетеді, бұл ерекше баланың дамуы үшін өте маңызды.

Инклюзияны қолдау кабинеттері төрт аймақтан тұрады: мұғалім аймағытоптық және жеке сабақ аймақтарысондай-ақ сенсорлық демалу аймағы«ANSA» жекеқорының қолдауымен кабинеттер бірыңғай дизайн тұжырымдамасына сәйкес жөнделген.

Оқу кабинеті ерекше қажеттіліктері бар балаларғаарналған арнайы жиһазбен жабдықталған. Бұл жиһазжоғары беріктікке ие және 25 жылға дейін қолдануғажарамды. Сонымен қатар, жиһаздың инновациялықантимикробты жабыны балалар үшін қауіпсіз ортанықалыптастырып, ауру қаупін азайтады. Барлық материалдархалықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай келеді. Кабинеттерді жабдықтауға жобаның бас серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржылық қолдау көрсетті.

«Біздің мақсатымыз – ерекше білім беру қажеттіліктерібар балалардың мектеп ортасына сәтті бейімделуіне жәнеқоғамда толыққанды өмір сүру үшін қажетті дағдылардыдамытуына көмектесуҮздіксіз әдістемелік қолдау мен заманауи оқыту әдістерінің арқасында балаларға да, олардың қатарластарына да, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналарға да қолайлы жағдай жасаладыБірлескенжобамыздың табысты тәжірибесі еліміздегі инклюзивтібілім беруді дамытуға лайықты үлес қосатынынасенімдімін», – деп атап өтті «Baquatty Aimaq Qory» қоғамдық қорының директоры Гүлмира Абельдинова.

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасыаясында біз партия тарапынан балаларға арнайыжағдайлардың жасалуын қарап отырамызЕрекше білімдіқажет ететін балалардың білім алу мекемесінол балабақшаболсынмектеп болсын,  ата-анасы өзі таңдайды. Кей ата-ана өз баласына арнайы мекемені таңдайдыкей ата-ана – жалпы білім беретін мектептте инклюзивті ортадаоқытуды таңдайдыМіне осы жағдайда Инклюзияны қолдауорталықтарының болуы баланың білім алуынаәлеуметтенуінедамуына үлкен пайдасы тиеді.» – деді«AMANAT» партиясының ЖҚ «Жастар Рухы» төрағасыАкерке Искандерова.

«Қор өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіаясында инклюзия саласына ерекше мән бередіОның ішіндебілім мен медицина бағыттарында қала мен ауыларасындағы айырмашылықты қысқартатын кешендікөзқарасты ұстанып келеміз. Кеше ғана Ақтөбе облысындааутизмі бар балаларға арналған орталықты іске қосуарқылы оңалту мекемелерінің санын 43-ке апардықБұлдегеніңізөңірлерде оңалту қызметі одан әрі қолжетімдібола түсуде», – деп атап өтті ашылу «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорыныңорынбасары Досбол Көшербаев.

«Ақмола облысында инклюзияны қолдау бойынша 70 кабинет ашылдыбұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен олардың ата-аналарын уақтылы қолдау болыптабылады. Бүгін біз Ы.Алтынсарин ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде инклюзивті білім беруді қолдаудыңкабинеті ашылуына жиналып отырмызҚазірдің өзінде бұлинклюзия кабинетіне ерекше білім беру қажеттіліктері бар 15 оқушы қатысады.»  деді Ақмола облысы білім басқармасы басшысы Айнагүл Балташева.

«Осыған дейін біз Астана қаласында балаларымызды ақылы кабинеттерге, ақылы орталықтарға апарып жүрдік. Енді міне ауылымызда, өзіміздің мектебімізде осындай кабинет ашылғанына өте қуаныштымыз. Балаларымыз тегін, ерекшеліктеріне қарай жеке әдістемемен білім алады.»  –  қуанышымен ата-ана Салтанат Қалдыбаева бөлісті.

Бұдан бөлек, бас серіктес педагогтарды бірнеше кезеңдік дайындықтан өткізуді қамтамасыз етеді. Ауыл мектептерінің мұғалімдері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге арналған арнайы оқу бағдарламасынан өтеді. Бағдарлама теориялық курстарды ғана емес, сонымен қатар оқу жылы бойына әдістемелік қолдаумен бірге жүретін практикалық сабақтарды да қамтиды. Мұндай әдіс педагогтардың біліктілік деңгейін көтеруге ықпал етіп, балаларды жалпы білім беру процесіне табысты интеграциялау үшін жағдай жасайды, оқыту сапасын жақсартады.

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *