Ақмола облысында оқу жылы басталғаннан кейін адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияны енгізу жоспарлануда
Бастапқыда екпемен 11 жастағы 175 мыңнан астам қызды қамту жоспарлануда. Әлемде бұл екпеге сұраныс өте жоғары. Бүгінгі таңда 125-тен астам ел өздерінің ұлттық егу күнтізбесіне осы екпені енгізді. Орталық Азиядағы көрші елдердің ішінде екпені Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан енгізген.
Бұл туралы Ақмола облысы СЭБД басшысының міндетін атқарушы Серік Омарханов айтып берді, – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялр қызметі.
Қазақстанда жатыр мойны обыры әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар статистикасы бойынша сүт безі обырынан кейін екінші орындатұр.
Ақмола облысында 2023 жылы жатыр мойны обырының 109 жағдайы, 2022 жылы 87 жағдай, 2024 жылдың 7 айында 50 науқас әйел тіркелген. Жыл сайын ауру көбейіп келеді, сонымен қатар 2023 жылы 36 әйел, 2022 жылы 33 әйел қайтыс болған.
Серік Омархановтың айтуынша, жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1700-ге жуық жаңа жағдайы және осы аурудан 600-ге жуық өлім-жітім тіркеледі. Ауру ұзақ инвазивті кезеңмен баяу және негізінен жергілікті өсумен сипатталады, яғни оны ерте кезеңде тек тұрақты скринингтердің көмегімен анықтауға болады.
Спикер сонымен бірге жатыр мойны обыры екпе арқылы алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік екенін атап өтті. Екпе ата-анасының келісімімен сертификатталған вакцинамен жүзеге асырылады. ДДҰ 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі қыздардың кем дегенде 90% АПВ қарсы егуді ұсынады. Бұл скринингпен және ерте емдеумен бірге 2045 жылға қарай жаңа ЖМОжағдайларын 42%-ға азайтып, 2070 жылға қарай бүкіл әлем бойынша 14 миллион өлім-жітімнің алдын алуы керек.
АПВ-ға қарсы вакцинация есептік деректер бойынша алдағы 100 жылда 45 миллионнан астам өлім-жітімнің алдын алады.
«2024 жылдың басынан бері халық арасында АПВ қарсы вакцинациялаудың пайдасы туралы белгілі бір ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Білім бөлімдерімен және білім беру мекемелерінің басшыларымен «Ақмола облысы бойынша адам папилломасы вирусына қарсы 11 жастағы қыздарды вакцинациялауды енгізужөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жоспарды» іске асыруды қамтамасыз ету бойынша меншік нысанына қарамастан орта мектептер базасында жұмыс кеңестері ұйымдастырылып, өткізілуде» – деп спикер сөзін қорытындылады.