2024 жылғы 9 шілдеде әрбір қазақстандықтың мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсетуге жеке қатысуы арқылы қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті дамытуға бағытталған «Игі істер марафоны» жобасы(бұдан әрі – Марафон) бастау алды. Марафон ағымдағы жылғы 9 шілдесі мен 1 желтоқсаны аралығында өтеді.
Марафон аясында «Мейірімділік апталығы мен тақырыптық іс-шаралар» өткізу жоспарланған:
– 9-14 шілде аралығында «Экология» апталығы;
– 12-18 тамыз аралығында – Жастар күніне арналған апта;
– 23-29 қыркүйек аралығында – Қарттар күніне арналған апта;
– 3-9 қазан аралығында – жануарларды қорғау күніне арналған тақырыптық іс-шаралар;
– 4-10 қараша аралығында – «Инклюзия» бағытындағы мейірімділік апталығы.
Сондай-ақ, www.qazvolunteer.kz платформасында «Мейірімділік көрсеткіші» тетігі орналастырылады, ол «игі істердің» жалпы санын есептейді.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші онкүндігінде белсенді қатысушыларды 10 номинациябойынша, оның ішінде «Ең мейірімді өңір», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді оқу орны», «Ең мейірімді ауыл» номинациялар бойынша, сондай-ақ Марафонды жарықтандыруға белсенді қатысқан БАҚ өкілдері үшін арнайы номинация бойынша салтанатты марапаттау рәсімін өткізу жоспарлануда.