АСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының волонтерлік бағдарламасы таныстырылды.  

Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жиналған студенттерге елорда әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат СабырұлыЫбыраев пен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қанатұлы Қондыбаев бастаған ұйымдастырушы топ 1000-ға жуық волонтердің осы ойындарға үлес қосуға мүмкіндігі барын, еріктілер қызметінің тәжірибе жинаудағы маңызын жеткізді. Волонтерға қойылатын талап, ереже, іріктеу кезеңдері туралымәліметтің барлығы жан-жақты түсіндірілді. 

Жастардың еріктілер жасағы спорттық және мәдени шаралардың маңызды бөлігі. Мейманды қарсы алу, үлкен-кіші демей жол көрсетіп, бағыт сілтеу, шетелдіктерге аудармашы болу деген көзге көрінбейтін істің бәрінде волонтер жүреді. Былайша айтқанда ерікті дегеніміз жан-жақты, әмбебап, сауатты, әмбебап адам. Дерек үшін айтсақ, EXPO-2017 көрмесіне 7000-нан астам ерікті қатысты. Қысқы Азия ойындарында да жас өрендеріміз волонтер ретінде белсенділік танытты. 

Абылай Қанатұлы көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға атсалысу арқылы жастардың өз-өзін шыңдайтынын, қосымша тіл үйреніп, ортамеңгеретінін, сондықтан мол тәжірибе жинаудағы осы мүмкіндікті барынша пайдалану керектігінебаса мән берді.  

Дирекциясының волонтерлармен жұмыс бөлімінің жетекшісі Бақдаулет Болатұлы Жанділдаев еріктілердің осы додалы жарыстың айнасы, дархан елдің қонақжайлығы мен мәдениетін танытуда маңызды рөл атқаратынын айта келе, елорда жастарын еріктілер қатарына шақырды. 

Волонтер жұмысына 18 жастан асқан үміткертаңдалады. Меймандар мен қатысушыларды күтіп алу, тіркеу орталықтарына алып бару, қонақ үйлерге жеткізу, жарыс өтетін жерлерде көмек көрсету, мәдени шараларды ұйымдастыру, тамақтану орындарына жеткізу сынды қосымша жұмыстың барлығына қолғабыс етеді. Волонтерлық қызметке ниет білдірушілер https://worldnomadgames.kz/ сайты арқылы «Ерікті бол» бөліміне кіріп, сауалнаманы толтыруы керек. Барлық талаптан сүрінбей өткен үміткер сұхбатқашақырылады.  

Қосымша Instagram, Tik Tok әлеуметтік желілерінде @Volunteer_nomadgameskzпарақшаларына ақпарат алып, WhatsApp, Telegram-да 8 701 841 20 24 байланыс нөмірі арқылы сұрақтарыңызды жолдасаңыздар болады. 

Өтінімдерді қабылдау басталды. 

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *