Қазақстанда зорлық-зомбылық құрбандарына арналған сенім телефоны жұмыс істейбастады
16 қазанда республика бойынша қоңырау шалуға арналған бірыңғай нөмір іске қосылды. Енді тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары 111 нөміріне тәулік бойы хабарласа алады, деп мәлімдейді Zakon.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін. Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетіледі.
“Бұл шаралар азаматтар, әсіресе әйелдер мен балалар үшін қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді. Байланыс орталығы мемлекеттің уақытылы көмек көрсетуінің тиімді құралына айналады, сондай-ақ өңірлер бойынша аса өткір проблемаларға мониторинг жасау үшін деректер көзі болмақ”, — деді Тамара Дүйсенова.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу міндетін қойған еді.