әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
Пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларының
әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
А.ж. 6 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Ағымдағы сайлау науқанының екіншіотырысы аясында 45 пилоттық аудан мен облыстық маңызы бар қаланың әкімі болуға кандидаттардыұсыну қорытындысы қаралды.
Отырысқа облыстардың аумақтық сайлаукомиссияларының төрағалары мен мүшелері (бейнеконференция режимінде), саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыс сурдоаударманы қамтамасыз ете отырып, ОСК интернет-ресурсында және Youtube-та көрсетілді.
ҚР ОСК Төрағасы отырысты аша отырып, 26 қыркүйектен бастап 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын даярлау мен өткізу аясында Орталық сайлау комиссиясының мүшелері аумақтық сайлау комиссияларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында аумақтарға инспекциялық сапарларды бастағанын хабарлады.
Осылайша, бүгінгі күнге ОСК мүшелері 9 өңірінің – Ақмола, Алматы, Атырау, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының 24 пилоттық ауданы мен облыстық маңызы бар қалаларына барып, сайлауды дайындау және өткізу барысымен танысты, сайлау процесінеқатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, практикалық кейстерді талдады.
Инспекциялық сапарлар барысында жергіліктіжерлерде аудандық аумақтық сайлау комиссияларыучаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін ұйымдастыратын каскадтық әдіспен өткізілетін оқу семинарларының сапасын бақылау мәселелеріне ерекшекөңіл бөлінеді.
А.ж. 11 қазаннан бастап өңірлерге жоспарланған инспекциялық сапарлар жалғасын табады.
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндама жасады.
Ол сайлау науқаны кезінде барлығы 249 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның 36,24% – саясипартиялар, 63,86% – өзін-өзі ұсынды.
Бір орынға ең жоғары бәсекелестік – Жамбыл облысында (Жуалы ауданы), Жетісу облысында (Кербұлақ ауданы), Түркістан облысында (Бәйдібек ауданы) 9 үміткерден, ең төмен – 3 үміткер Ақмола облысында(Жақсы ауданы), Атырау облысында (Исатай ауданы), Батыс Қазақстан облысында (Қаратөбе ауданы), Қостанай облысында (Алтынсарин, Денисов, Қарабалық аудандары).
Ұсыну барысында барлық тіркелген 7 саяси партия өз белсендігін көрсетті: “Ақ жол” ҚДП, AMANAT, “Ауыл” ХДПП, Байтақ, ЖСДП, ҚХП, Respublica,партиялары.
Ұсынылған үміткерлердің орташа жасы – 47 жас. Үміткерлердің ең көбі – 35 пен 55 жас аралығында – 68,27%. Ең ересек үміткер Атырау облысының Қызылқоға ауданында – 62 жаста, ең жас үміткер Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында – 27 жаста.
Кандидаттардың көпшілігі ер адамдар. Сонымен қатар 13 әйел адам ұсынылды.
Кандидаттардың 63,05%-ы мемлекеттік қызметшілер болып табылады; 9,64% – бюджет саласының қызметкерлері, 14,86% – коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді; 0,8% – саяси партияларда және ҮЕҰ – да жұмыс істейді, 6,83% – уақытша жұмыс істемейді, 4,82% – басқа жұмыспен қамту топтарының өкілдері.
Бұл ретте ұсынылған кандидаттардың 21,69% – экономистер, 19,28% – заңгерлер, 14,46% – оқытушылар, 13,6% – инженерлер, 9,64% – ауыл шаруашылығы біліміжәне 21,28% – басқа мамандықтардың өкілдері.
Қазіргі уақытта әкімдікке кандидаттарды тіркеу жүріп жатыр, ол ағымдағы жылғы 10 қазанда сағат – 18.00-гедейін жалғасады.
Константин Петров кандидаттарды ұсыну қорытындылары бойынша барлық ақпарат тиістіаумақтық сайлау комиссияларының сайттарында, ал өңірлер бойынша сілтемелері бар жиынтық ақпарат Орталық сайлау комиссиясының сайтындажарияланатынын атап өтті.
Сондай-ақ аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы аумақтық сайлаукомиссияларының төрағалары есеп беріп, ағымдағы науқанның барысы, пилоттық өңірлердің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну нәтижелері және сайлау науқанын өткізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралыхабарлады.
Кандидаттардың ұсынылуын қорытындылай келе, Нұрлан Әбдіров сайлау процесінің ең маңызды кезеңдерінің бірі болып табылатын кандидаттардың ұсынылуы 5 қазанда сағат 18.00-де аяқталғанын және бұл кезеңнің өте белсенді болғанын атап өтті.
ОСК басшысы отырысқа қатысушылардың назарынОрталық сайлау комиссиясының азаматтарды ағымдағы сайлау науқанының барысы туралы кеңінен хабардар етумәселелеріне ерекше көңіл бөлетініне аударды. Өткен отырыста аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларына коммуникацияның түрлі арналары арқылы сайлау процесіне барлық қатысушылардың сайлау туралыақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етіп, ақпараттық сүйемелдеу мәселелерін тұрақты әрі жеке бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл мәселеде сайлау органдарынабарынша көмекті тиісті уәкілетті орган мен жергіліктіатқарушы органдар көрсетуге тиіс.
Осы мәселе бойынша ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова әкімдердің сайлауы өтіп жатқан барлық өңірлерде дауыс беру күні туралы ақпараттық баннерлердің орналастырылғаны және жергіліктітелевизиялық БАҚ эфирінде ақпараттық науқанның басталғаны туралы хабарлады.
ОСК Төрағасы өңірлерге бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді және кандидаттарға үгіттік баспаматериалдарын орналастыру үшін жеткілікті орын берудітапсырды.