Ақмола облысының бес ауданындаәкімдер сайлауы өтеді

13 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезектентыс IV сессиясында Ақмола облысы бойыншаәкімдерді сайлау ұйымдастырылатын пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тізбесі бекітілді, оларды өткізу күні белгіленді

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIIIсайланған Парламент сессиясында биылреспубликада аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауы өтетінін хабарлады. Сайлау өткізу тәртібіне сәйкес аумақтық сайлау комиссиялары пилоттық сайлауды ұйымдастырады.

Сессияда облыс әкімі Марат Ахметжанов саясинауқанды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Президент өз Жолдауында ел дамуының жаңа экономикалық саясатының нақты мақсаттары мен міндеттерін атап өтті. Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылдан бастап аудандық маңызы бар қала, кентжәне ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тұрақты түрде өткізіліп тұрады.  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес «Ақмола облысының  пилоттық өңірлерінің тізбесін және аудан әкімдерінің сайлау күнін белгілеу туралы» мәслихаттың шешімі сайлауды тағайындау үшін негіз болып табылады. Өңірлер әкімдерінің сайлауын ұйымдастырылған және табысты өткізу – біздің  міндетіміз», – деп атап өтті М.Ахметжанов.

Депутаттардың дауыс беру нәтижелері бойыншаАқмола облыстық мәслихаты Ақкөл, Астрахан, Шортанды, Есіл және Жақсы аудандарындапилоттық тікелей сайлау өткізу туралы шешімқабылдады. Бес аудандағы сайлау науқаны 2023 жылдың 5 қарашасына жоспарланған.

https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/618174?lang=kk
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *