Сыртқы сауда-саттық рекордтық көрсеткішке жетті – Тоқаев Нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Бұл жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет. Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті, – деді Мемлекет басшысы.Президенттің мәлімдеуінше, былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш.Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында.
Сыртқы сауда-саттық рекордтық көрсеткішке жетті – Тоқаев Нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек.
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.