Сүйінші жаңалық! Лауазымды қызметте өз күшін сынап көргісі келетіндер үшін зор мүмкіндік туып отыр. 1 қыркүйекте Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлердің құжаттарын қабылдау басталады. Бұл жолы іріктеу үшінші мәрте өткелі отыр. Бұған дейінгі іріктеулерде 350 адам кадр резервіне қабылданып, оның 75% мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа тұрған. Олардың ішінде 128 адам орталық мемлекеттік органдарға, 38 адам жергілікті атқарушы органдарға, 57 адам ұлттық компанияларға, 41 адам өзге ұйымдарға қызметке орналасты.Бұл жолы Президенттік жастар кадр резервіне қабылданғандар инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестиция, экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам бағыттары бойынша мемлекеттік аппаратты күшейтуге жұмылдырылмақ.Іріктеуге жоғары білімі мен 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1, яғни орташа деңгейде білетін, 35 жастан аспаған кез-келген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Егер осы талаптарға сай келсеңіз, Президенттік жастар кадр резервіне сіз де өте аласыз.Ақмола облысының ресми жаңалықтарынан хабардар болғыңыз келсе, @rsk_akmola парақшасына жазылыңыз.
Сүйінші жаңалық! Лауазымды қызметте өз күшін сынап көргісі келетіндер үшін зор мүмкіндік туып отыр.
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.