АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына 14 мыңнан астам кандидат ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Мәжіліс депутаттығына 7 партиядан партиялық тізіммен 283 кандидат ұсынылып отыр. Мәжіліске мажоритарлық округ бойынша жалпы саны – 609 кандидат. Барлық деңгейдегі мәслихаттар бойынша 119 партиялық тізім болды. Аталған тізімде 1 471 кандидат бар. Мажоритарлық округтер бойынша мәслихаттарға – 11 844 кандидат. Жалпы есепті қарайтын болсақ, Мәжіліс пен мәслихаттар бойынша 14 207 кандидат ұсынылды», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бүгін комиссия отырысында.Айта кетейік, Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия қатысады.Оның ішінде партиялық тізім арқылы Қазақстан халық партиясынан – 52, Ақ жол партиясынан – 54, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан – 19, «Байтақ» жасылдар партиясынан» – 18, «Ауыл» партиясынан – 25, Respublica партиясынан – 25, AMANAT партиясынан – 90 кандидат. Кандидаттардың жалпы саны – 283. Орталық сайлау комиссиясына кандидаттардың атынан тапсырылған құжаттар «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сай келеді.https://www.inform.kz/kz/elimizde-14-myn-adam-deputat-bolgysy-keledi_a4033739
Елімізде 14 мың адам депутат болғысы келеді
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.