Бельгияда Қазақстан елшілігі жанынан ұйымдастырылған №241 сайлау учаскесінде ҚР Президентіне дауыс беру белсенді түрде жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.Сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып қазақстандық студент Әлібек Дүйсенбеков келді. Жас жерлесіміз сайлауға алғаш рет қатысып отырғанын айтты.«Мен бұл күнді көптен күттім. Ата-анам үнемі дауыс беретін, мен өзімнің сайлауға қашан қатысатынымды қызыға күтетінмін. Сайлауға қатысу әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы деп білемін. Сондықтан мен ерте келіп, бірінші болып дауыс бердім», деді Әлібек.Әлібек Дүйсенбеков қазір Брюссель университеті, тарих факультетінің бірінші курс студенті.«Мен бала кезімнен тарихқа қызығамын. Бельгияда мен Қазақстанмен байланысты мұраларды зерттегім келеді. Қазақстанның тарихы өте бай, мен Еуропаның кітапханаларынан туған жерге қатысты материалдарды зерттегім келеді», деді жас жерлесіміз.Айта кетейік, Бельгияда дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша 01:00-ге дейін) өтеді.
Бельгияда қазақстандық студент алғаш рет дауыс берді
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.