#Сайлау #Выборы

ДК: Заң бойынша сайлауға 18 жасқа толған барлық азамат қатысуға құқылы. Онымен қоса мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдай қарастырылған. Ол үшін арнайы тасымалданатын дауыс беру жәшігі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, инватакси қызметі де бар. Сайлауға тек әрекетке қабілетсіз деп танылған және жазасын өтеп жатқандар қатыса алмайды.РКС: Елімізде онлайн түрде дауыс беру қарастырылмаған. Сондықтан дауыс беру үшін ресми сайтта тіркелген учаскені қарап, білуге болады. Ондағы барлық тізім әкімдікте жасалған. Сайлауға қатысушы бюллетеньде өз таңдауын белгілей отырып, дауыс береді. Ұсынылған парақша ешбір түзетусіз тек қаламмен толтырылады. Мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға азаматтық белсенділігін танытуға жағдай жасалып жатыр. Ол үшін өңірдегі сайлау учаскелері толығымен бейімделген. Сондай-ақ, бүгін инватакси қызметі үздіксіз жұмыс істеді. Дауыс беру жәшіктері сайлаушылардың үйлеріне жеткізілді.СНХ: ӘМИНА ХАСЕНОВА, №31 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Біздің учаскеде 2239 адам бар. Соның қазіргі уақытқа дейін дауыс бергені 304 адам. 70-80 жастан асқандар да келіп жатыр. 18 адам үйде дауыс берді. Ал қалғандары өздері келіп жатыр.РКС: №31 сайлау учаскесінде түрлі партиялардан 5 байқаушы бар. Олардың айтуынша дауыс беру барысында олқылықтар орын алған жоқ.СНХ: ЗОЯ РЕЗНИЧЕНКО, БАЙҚАУШЫ:  Сайлауда дауыс беру заңға сәйкес өтіп жатыр. Заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Барлығы қалыпты өтуде. Келушілер саны көп. Бала-шағасымен келіп жатқандар да бар. Комиссия мүшелері, төраға да жылы жүзбен қарсы алып жатыр. Дауыс беруден кейін халықпен әңгіме-дүкен құрып, қөңіл күйлерін көтеруде.«Көкше ТВ» телеарнасы

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *