АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Орталық салау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына 134 халықаралық байқаушы аккредиттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Отырыста осы мәселе бойынша сөз сөйлеген ОСК хатшысы Мұхтар Ерманның дерегінше, 2022 жылғы 22 қыркүйекте кезектен тыс президент сайлауын халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 6 халықаралық ұйым мен 8 шет мемлекеттен 139 байқаушы аккредитациядан өткен.«2022 жылғы 1-7 қараша аралығында Орталық сайлау комисссиясына Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен 14 шет мемлекеттен 134 байқаушыны аккредитациядан өткізу үшін ұсыныс түсті. 4 халықаралық ұйымнан 110 байқаушы аккредитациядан өткізуге ұсынылды. Олардың ішінде, ТМД-дан – 55, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясынан – 34, ШЫҰ байқаушылар миссиясынан – 19, Түркі мемлекеттері ұйымынан 2 байқаушы бар. 14 шет мемлекеттен аккредитациядан өткізу үшін 24 кандидатура ұсынылып отыр. Атап айтсақ, Ирак, Италия, Латвия, Өзбекстан Сербия, Финляндия Ұлыбританиядан – 2 байқаушыдан, Армения, Қырғызстан, Литва, Польша, Тайланд және Мажарстаннан 1 байқаушыдан, Ресей Федерациясынан – 4 байқаушы», – деді Мұхтар Ерман.Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы жобасын қабылдады. Сонымен 2022 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден аккредиттелген байқаушылар саны 271 адамға жетті.
ОСК 134 шетелдік байқаушыны аккредиттеді
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.