АСТАНА. ҚазАқпарат – Заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Әубәкірова соттың «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевті президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.РЕКЛАМА«Өте әділ шешім. Дәлел базасы еш күмән келтірмейді. Олар Әлтаев ұсынылды делінген «Мұқалмас» РҚБ отырысының видеосын ұсынған болатын. Іс жүзінде, бұл жайт жазбада жазылған. Басым көпшілігі Әлтаевтың ұсынылуына қарсы шыққан», – деді Индира Әубәкірова ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы.Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы 7 қазан күні президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтің құжаттары бұрмалану фактісіне тексеріліп жатқанын мәлім еткен еді.Ал 12 қазанда «Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп сотқа жүгінгені хабарланды.Бүгін Астана соты «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевті президенттік кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырды.
Заңгер Әлтаевты президенттікке ұсыну хаттамасының жарамсыз деп танылуына пікір білдірді
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.