АСТАНА. ҚазАқпарат – Тағы бір үміткер Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Хайролла Мағауияұлы Ғабжалилов құжат тапсырды.Оның кандидатурасын «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр.Тапсырылған құжаттар тізбесі:1. «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;2. Хайролла Ғабжалиловтің президенттікке кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.
Оралмандардың «Асар» бірлестігі Хайролла Ғабжалиловты президенттікке ұсынды
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.