Үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде тағы бір кандидат құжат тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде тағы бір кандидат Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кандидатты «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі ұсынған. Ол – 46 жастағы Бақыт Маратұлы Жаңабаев.«Осы заманда елімізге жаңа үрдіс келіп жатқан кезде тек үнсіз көрермен болмай, соған қатысуға бел будым. Атақ үшін түсіп жатқаным жоқ. Барлығымыз жұмылсақ, көтермейтін жүк жоқ деп ойлаймын», – деді Бақыт Жаңабаев БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.Өзінің айтуынша, 2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді.Қазіргі уақытта ҚР Қажы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері.

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *