АҚШ-тың беделді The National Interest журналында жарияланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласында Қазақстанның демократиялық өзгерістердің жаңа дәуіріне аяқ басқаны атап өтіледі.Мемлекет басшысы өңірдегі ахуалға баға бере отырып: «Посткеңестік кеңістікте орын алып жатқан оқиғалар елеулі сын-тегеуріндерді тудыруда, бірақ олар еліміздің алға ұмтылысын тоқтата алмайды», – деп атап көрсетті.Мақала авторы еліміз үшін қайғылы қаңтар оқиғасын еске салды, оның барысында бейбіт шерулер тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық тарихында бұрын-соңды болмаған ауқымды зорлық-зомбылыққа ұласты.«Бізге осы жаралардан әлі де қалпына келуге тура келеді, бірақ біз болған оқиғалардан сабақ алуға, проблемаларды батыл шешуге және алға жылжуға толық дайынбыз», – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.Қазақстан Президенті өңірдегі геосаяси жағдайды назардан тыс қалдырмады.Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейді әлемдегі ең ұзын шекара біріктіреді, сондықтан бізде ынтымақтастыққа негізделген ерекше қатынастар қалыптасты. Сонымен қатар, Президент Қазақстанның «Украинамен достық қарым-қатынас дәстүрі» бар екенін еске салып, «БҰҰ Жарғысына сәйкес жанжалды тез және әділ реттеуге» үміт білдірді.Президенттің Қазақстанды реформалау мен жаңғырту жөніндегі негізгі бастамалары, бірінші кезекте, отандастар көтерген экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған, деп атап өтті Тоқаев.Мемлекет басшысы бүгінде «ел тежеу әрі тепе-теңдік жүйесін күшейте отырып, мемлекеттік билікті теңдессіз орталықсыздандыруға кірісіп жатқанын» айтты. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық пен непотизм шынымен төзімсіз құбылыстарға айналады, бұл «саяси биліктің шоғырлануына және байлықтың аз адамдардың қолында жиналуына» жол бермейді.Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік биліктің негізгі органдары – Президент Әкімшілігін, Парламентті, жергілікті әкімшіліктерді, сот және құқық қорғау жүйесін реформалауға бел буған шешімімен бөлісті. Бұл ретте, «азаптауларға нөлдік төзімділік қамтамасыз етіледі».Президенттің жаңа Қазақстанда түрлі билік тармақтары мен мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктердің өзгеше теңгерімін қалыптастыру көзделетіні туралы мәлімдемесі де назар аударуға тұрарлық. Шын мәнінде, ел «супер-президенттік» нысанан «нормативтік-президенттік» басқару нысанына ауысады.Аралас пропорционалды-мажоритарлық сайлау жүйесінің қалыптасуы елдегі саяси әртүрлілікті нығайтуға арналған. Сонымен қатар, Тоқаев бүгінде президенттік өкілеттіктердің бір бөлігінен өз еркімен бас тартатынын еске салды. Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындайтын сенаторлар саны 15-тен 10-ға дейін қысқарады, олардың жартысын Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынады.Конституциялық өзгерістер аудан, қала және ауылдық округ әкімдеріне көбірек өкілеттік береді. Бұдан былай олар, бірінші кезекте, халық алдында жауап береді және оған толық есеп береді.Автор барлық реформаларды әзірлеу азаматтық қоғамның беделді өкілдерімен тығыз диалогта жүргізілгенін атап өтті.Президент бұрын бұл жүйе біздің азаматтарымыздың игілігі үшін емес, «сайланған адамдар үшін» жиі қолданылғанын өкінішпен атап өтті. «Олигархтар мен олардың монополиялары жинақтаған орасан зор байлық еліміздің жұмысшы және орта таптарының пайдасына бағытталады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Алайда, әлеуметтік және экономикалық теңсіздік мәселесін шешу елдің одан әрі дамуы үшін өте маңызды, дейді автор.Экономика өскен сайын азаматтардың мүмкіндіктері де артуы тиіс. Сондықтан Үкіметке жалақыны көбейту және кедейлікті азайту жөнінде бағдарлама әзірлеу тапсырылды.Президент бұл жағдайда халық үшін елеулі алғашқы қадамдар ең төменгі жалақыны 40% ға ұлғайту және мемлекеттік сектор қызметкерлерінің жалақысын арттыру болатынына сенімді.Шағын бизнес салық ауыртпалығының қысқарғанын сезеді, ал керісінше, Қазақстанның өндіруші компаниялары экономикалық ауыртпалықтың үлкен және неғұрлым әділ үлесін көтеретін болады.«Бұл реформалар біздің халқымыз үшін бетбұрыс болып табылады», – деді Тоқаев. Біздің еліміз бүгінде тоқырау емес, жедел даму бағытын таңдайды.
Қазақстан демократиялық өзгерістердің жаңа дәуіріне аяқ басты Еліміздің алға ұмтылысын ешбір күрделі сын-қатер тоқтата алмайды – Қ. Тоқаев
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.