Өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жаңа жобалар серпін бермек

Ақмола облысында жаңа әлеуметтік және қоғамдық инфрақұрылым нысандарын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары жалғасуда.

2026 жылғы қарашадағы мәлімет бойынша, қазіргі уақытта 9 жоба әзірлеу сатысында. Оларды іске асырудың болжамды жалпы құны шамамен 25 млрд теңгені құрайды.

Жобалардың негізгі бөлігі денсаулық сақтау, білім беру, өрт қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп салаларын қамтиды.

Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында 5 нысан, білім беру бағытында 4 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған. Олардың қатарында мектептер мен колледж құрылысы бар.

Ерекше жобалардың бірі – Қосшы қаласында халықаралық стандарттарға сай колледж салу. Заманауи білім беру кешені жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған. Қазіргі уақытта нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Оны әзірлеу құны 166,8 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар Көкшетау қаласында екі өрт сөндіру депосы мен арнайы мекемелер кешенінің жобалары қарастырылған.

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.