Қазақстанда ғылым нақты өндіріспен және экономикамен тығыз байланыса түсуде. Бүгінде ғылыми жобаларды коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетіп, 241 отандық әзірлеме нарыққа шығарылды. Сонымен қатар 2 500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.
Озық технологияларды енгізуге және қосылған құны жоғары өнім өндіруге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл отандық өнеркәсіпті дамытуға, инвестиция тартуға және білікті мамандар даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Ғылымды, білім беруді және инновацияларды дамыту – Қазақстанның технологиялық болашағына қосылған маңызды үлес!
