Әрбір азамат Конституцияны құрметтеп, заң талаптарын сақтап, ел дамуына өз үлесін қосуы қажет деп есептеймін. Себебі мемлекетіміздің болашағы – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, барша азаматтардың ортақ жауапкершілігі.
Егіндікөл ауданының өсіп-өркендеуі де тұрғындардың ауызбіршілігіне, белсенділігіне және туған жерге деген жанашырлығына байланысты. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауылдарымыздың көркеюі, жастарға қолайлы жағдай жасау – баршамызға ортақ мақсат.
Бірлік бар жерде береке бар. Сондықтан әрқайсымыз қоғам өміріне белсенді араласып, ортақ іске жауапкершілікпен қарап, ел игілігі үшін еңбек етуіміз керек.
Конституциямыздың құндылықтарын дәріптеп, заң үстемдігін сақтай отырып, жарқын болашаққа бірге қадам басайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Касенова Алтынсара, Егіндікөл ауданының терапевт дәрігері