Бүгін Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Құрылтайыныңдепутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері және бірқатарминистрлік өкілдерінің қатысуымен тұрғындармен кездесулер өтті.
Жұмыс сапарының құрамында Қазақстан РеспубликасыҚұрылтайының депутаты Асхат Рахимжанов, Қазақстан ХалықКеңесінің мүшесі Бағдат Рахметуллина, сондай-ақ Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров болды.
Кездесулер барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге ерекше назар аударылды.
Жұмыс сапары аясында делегация Ш. Уәлиханов атындағыуниверситеттің оқытушыларымен және студенттерімен, сондай-ақ«Тыныс» және «Новопэк» кәсіпорындарының еңбек ұжымдарыменкездесті. Зеренді ауданында диалог білім және мәдениет саласыныңөкілдерімен жалғасты. Атап айтқанда, аудандық өнер мектебініңұжымымен және Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназияныңпедагогтерімен жүздесу өтті.
Кездесулерде елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, халықтың әл-ауқатын арттыру, еңбек нарығын дамыту және тұрақтыэкономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
«2027 жылды Жалпыұлттық үлкен құрылыс жылы деп жариялау– әрбір өңірді қамтитын және азаматтардың өмір сүру сапасыментікелей байланысты ауқымды бастама. Бұл бастаманың Ақмолаоблысы үшін де практикалық маңызы зор. Әр ауданның өзіндікинфрақұрылымдық қажеттіліктері бар. Сондықтан құрылысжоспарларын қалыптастыру кезінде тұрғындардың нақты сұраныстарыескерілуі қажет. Сонымен қатар жаңа нысандар салумен ғанашектелмей, құрылыс сапасына, жобаларды белгіленген мерзімдежүзеге асыруға және инфрақұрылымды одан әрі күтіп ұстауға да баса мән беру маңызды», – деді Құрылтай депутаты Асхат Рахимжанов.
Кездесулер Қосшы қаласында да жалғасын тапты. Құрылтайдепутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің және Үкіметтің өкілдеріқалалық мектеп-гимназияға, «Виамедис» емханасына және қоғамдықмәдени-спорт кешеніне барып, педагогтермен, медицина қызметкерлерімен және қала тұрғындарымен жүздесті. Кездесубарысында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік саясат жәнеэкономикалық даму мәселелері сөз болды.
Құрылтай депутаты Шолпан Каринованың айтуынша, мұндайкездесулердің басты мақсаты – Жолдаудың негізгі бағыттарынтүсіндірумен қатар, азаматтардың пікірін тыңдау және қоғаммен ашықдиалог орнату.
«Бүгінгі кездесудің мақсаты – Жолдаудың негізгі бағыттарынтүсіндіру ғана емес, азаматтардың пікірін тыңдап, қоғаммен ашықдиалог орнату. Өйткені кез келген бастаманың табысты жүзеге асуы – ортақ жауапкершілік пен бірліктің нәтижесі», – деп атап өтті ол.
Мұндай жұмыс сапарларының маңызы – өңірдегі ахуалдыжергілікті жерде зерделеп, тұрғындарды толғандырған мәселелердітыңдауға және білім беру, өнеркәсіп, медицина мен өзге де салалардакүнделікті еңбек етіп жүрген азаматтардың ұсыныс-пікірлерін білугемүмкіндік беруінде. Ал тұрғындар үшін бұл – өздерін толғандырғанмәселелерді тікелей көтеріп, оларды шешуге қатысты ұсыныстарынжеткізудің маңызды мүмкіндігі.




