🇰🇿 Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ пен озық технологияларда!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында қоғам дамуының жаңа негізін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

💻 Қазіргі технологиялық өзгерістер кезеңінде білім, ғылым, инновация және цифрлық сауаттылық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды факторларға айналды.

Жас ұрпақтың сапалы білім алуына, заманауи мамандықтарды меңгеруіне және өз әлеуетін толық жүзеге асыруына жағдай жасау – ел дамуының стратегиялық міндеті.

📚 Білімді, жауапты және жаңашыл ұрпақ қалыптастыру арқылы Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қаланады.

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.