📩 2026 жылғы 27 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан Республика күніне орай құттықтау жеделхаты келіп түсті.
Өз құттықтауында Америка көшбасшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығайғанын, халықаралық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың дамуын және екі елге де тиімді маңызды сауда-экономикалық келісімдердің жасалғанын атап өтті.
💬 «Өткен жылы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап, екі елге де пайда әкелетін маңызды коммерциялық келісімдерге қол қоюға дейінгі аралықта әріптестігімізді тереңдете түскенімізді мақтан тұтамын», – делінген жеделхатта.
🇺🇸 Дональд Трамп 1991 жылы Америка Құрама Штаттары Қазақстанды егемен мемлекет ретінде халықаралық аренада алғашқылардың бірі болып танығанын еске салды. Сондай-ақ АҚШ-тың Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына деген берік ұстанымын растады.
🤝 АҚШ Президенті америкалық компаниялардың Қазақстан экономикасының дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
📌 Құттықтау соңында Дональд Трамп желтоқсан айында өтетін G20 саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді асыға күтетінін жеткізді.
Қазақстан #АҚШ #Тоқаев #Трамп #РеспубликаКүні #ХалықаралықЫнтымақтастық
