Архив за день: 29 мая, 2022

Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 72-бап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ата заңымыздағы Конституциялық кеңес туралы баптарды қамтыған алтыншы бөліміндегі құқықтық құжат түгел өзгерді. Соның бірі – 72-бап.
Екі тармақтан тұратын бап бұған дейін де бірнеше рет өзгертіліп, бірнеше рет түсіндірме берілген болатын. Ал осы жолғы референдумға ұсынылған жобада аталған бапқа тағы 3 тармақ қосылатыны көрсетілген.
Жаңадан енгізілген үш тармақ негізінен Конституциялық соттың жұмысын, оған халық қалай жүгіне алатынын, оны кім арқылы жүзеге асыратынын айқындап береді.
Мысалы 72-бапқа жаңадан енгізілген 3-тармақтың екінші бөлігінде «Азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалатыны» анық жазылған. Сонымен қатар, еліміздің «нормативтік құқықтық актілерінің Ата заңымызға сәйкестігін Бас Прокурордың өтініштері бойынша қарайтыны» айтылған. Яғни кез келген заңның Ата заңымызға сәйкестігін Бас прокурор анықтап, оны Конституциялық сотқа бекіттіреді деген сөз.
Ал осы баптың жаңадан қосылған 5-тармағында атап көрсетілгендей, Конституциялық сот «азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Ата заңымызға сәйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша қарайды». Яғни, Конституцияға ұсынылған адам құқықтары туралы құқықтық актлерді еліміздегі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ұсынады деген сөз.
72-бапқа енгізілген өзге де өзгерістер мен толықтыруларды төменнен оқуға болады.
Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.
72-бап
Жаңа нұсқада: 72-бапта:
1) 1 және 2-тармақтардағы «Кеңес» деген сөз «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
Ескі нұсқада: 72-баптың 1-2-тармақтары

Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша:1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;2) Парламент қабылдаған заңдардың … Читать далее

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Референдумға латвиялық бақылаушылар келеді
 
Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов Латвия Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) Төрайымы Кристина Берзинямен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пірімбетов 2022 жылғы 5 маусымда елімізде өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыұлттық референдумға дайындық барысы туралы айтып берді.
Елші конституциялық реформа жүйелі сипатқа ие екенін және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі ауқымды саяси реформаларды іске асыруға бағытталғанын атап өтті.
Референдумға қойылатын мәселелер билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастардың оңтайлы теңгерімін қалыптастыру және мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог құру мақсатында қолданыстағы саяси модельдің тұжырымдамалық трансформациясына қатысты.
К.Берзиня Қазақстан ОСК Төрағасының шақыруымен латвиялық тарап елімізге референдумның халықаралық бақылаушылары ретінде екі өкілді жіберетінін хабарлады. Латвия ОСК басшысы биылғы қазанда өтетін Латвиядағы парламенттік сайлауға дайындық барысы туралы да айтты.
Кездесу соңында тараптар екі елдің сайлау комиссиялары арасындағы сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екендерін растады.
https://egemen.kz/article/313383-referendumgha-latviyalyq-baqylaushylar-keledi

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Қазақстандықтардың 76%-ға жуығы Ата Заңға түзетулер енгізуді қолдайды – Қоғамдық саясат институты

Қазақстандықтардың 75,9%-ы Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдауға дайын. AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты «Әлеумет» жобасы аясында жүргізілген Referendum: Halyq üni зерттеуінің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ұйымның мәліметінше, ел тұрғындарының 67,9% Конституциялық реформа елдің дамуына оң әсер етеді … Читать далее

Рубрика: Архив | Оставить комментарий