Архив за день: 23 мая, 2022

Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 56-бап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 56-бап негізінен Парламент мәжілісінің ерекше қарауына жататын міндеттерге негізделген.
2 тармақ, 4 тармақшадан тұратын бұл бап 2007 жылы толықтай жаңа редакцияда жазылған болатын. Иә, әдеттегідей бұл өзгертуді де қарапайым халық емес, Парламент палаталары өз еркімен өзгерткен еді. Ал осы жолы жаңа жоба бойынша 56-баптың 1-тармағының екі тармақшасы өзгеріске ұсынылды. Өзгерісті референдум арқылы халық өзі жасайды.
Анығырақ айтар болсақ, қазіргі қолданыстағы Конституцияда 56-баптың 1-тармағының 1-тармақшасында Парламент мәжілісі «Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарауға» міндетті болатын. Енді жаңа жоба бойынша Парламент мәжілісі «Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдауға» ғана міндетті болады.
Екінші өзгеріске ұсынылған 56-баптың 1-тармағының 3-тармақшасы. Анығы – тармақша толықтырылды. Бұған дейін 56-баптың 1-тармағының 3-тармақшасы арқылы Парламент мәжілісі «Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлауға» міндетті болса, енді бұған «Жоғары аудиторлық палата төрағасының есебін жылына екі рет тыңдау» міндеті қоса жүктелді.
Аталған заңға ұсынылып отырған екі өзгерту де Мәжілістің халық талабына, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына бір табан жақындай түсетінін көрсетеді.
Сонымен, елдегі ең жоғарғы саяси институттың ерекше міндеттерін айқындайтын 56-бапқа тағы қандай өзгертулер енгізілгенін төменнен оқып көріңіз.
Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды. 
56-бап
Жаңа нұсқада: 56-баптың 1-тармағында:
1) 1) тармақшадағы «және осы жобаларды қарау» деген сөздер алып тасталсын;
Ескі нұсқада: 56-баптың 1-тармағының 1-тармақшасы
1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;
Жаңа нұсқада: 56-баптың 1-тармағында:
2) мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Жоғары аудиторлық палата төрағасының есебін жылына екі рет тыңдау;».
Ескі нұсқада: 56-баптың 1-тармағының 3-тармақшасы
3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;
Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап, 6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап, 47-бап, 50-бап, 51-бап, 52-бап, 53-бап, 54-бап, 55-бап.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-56-bap_278859/

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Референдумда дауыс беретін қазақстандықтар нені білуі керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 маусымдағы республикалық референдумға әрбір қазақстандық Конституцияға ұсынылып отырған негізгі өзгерістерден хабардар болып баруы керек. Бұл – заңгер Думан Базарбектің отандастарына берер кеңесі. ҚазАқпарат сарапшының республикалық референдумға шығарылатын заңнама өзгерістері туралы сараптамасын ұсынады. 5 маусымда елде жалпыхалықтық … Читать далее

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Мнение казахстанцев о предстоящем референдуме – опрос

НУР-СУЛТАН. КАЗИНФОРМ – Через 15 дней в стране пройдет Республиканский референдум, куда будет вынесен проект Закона РК «О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан». Глава государства отмечал, что референдум позволит каждому гражданину принять участие в историческом событии, которое … Читать далее

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Поправки в Конституцию станут началом нового этапа в построении справедливого Казахстана – депутат

ТУРКЕСТАН. КАЗИНФОРМ – Депутаты Мажилиса, члены фракции партии AMANAT Дархан Мынбай, Кудайберген Ержан, Кайнар Абасов и Сырым Ертаев на встречах с общественностью Туркестанской области рассказали об изменениях, проводимых в стране и предстоящем референдуме, передает МИА «Казинформ» со ссылкой на пресс-службу … Читать далее

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Граждане готовы принять участие в референдуме – Председатель Мажилиса

НУР-СУЛТАН. КАЗИНФОРМ – Президент РК Касым-Жомарт Токаев был проинформирован о выездах депутатов в регионы для проведения встреч с населением по обсуждению предстоящего референдума и предлагаемых изменений в Конституцию, передает МИА «Казинформ» со ссылкой на пресс-службу Акорды. Как информировал Ерлан Кошанов, … Читать далее

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Әлеуметтік сауалнама: қазақстандықтардың 72%-дан астамы референдум өткізу идеясын қолдайды

Соңғы күндері сарапшылар өткізген әлеуметтік сауалнамалар конституциялық түзетулер бойынша референдум идеясын қазақстандықтардың қолдауы артқанын көрсетеді. 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Қолданыстағы негізгі заңға енгізілетін өзгерістер қолданыстағы 31 бапқа түзетулерді және Конституцияны екі жаңа … Читать далее

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Соцопрос: Более 72% казахстанцев поддерживают идею проведения референдума

Проведенные экспертами  соцопросы последних дней демонстрируют рост поддержки казахстанцев идеи референдума  по конституционным поправкам. 5 июня состоится республиканский референдум по вопросу принятия изменений и дополнений в Конституцию.  Изменения в основной действующий закон включают в себя  поправки в 31 действующую статью … Читать далее

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

19 номер 23 мая 2022 г

Рубрика: Архив | Оставить комментарий