Архив за день: 24 мая, 2022

Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 57-бап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұған дейін 3 рет (1998, 2007, 2017 жылдары) өзгертілген 57-бап биыл да халық талқысына ұсынылды.
Бұған дейінгі талқылауымызда атап өткеніміздей 15 баптан тұратын Ата заңымыздың IV бөлімі түгелдей Парламент палаталарының қызметі мен міндетіне, құқығы мен жұмыс бағытына арналған.
57-бап та Парламент палаталарының дербес, басқа палаталардың қатысуынсыз атқаратын міндеттерін айқындайды.
Осы негізде 57-баптың 1-тармақшасына өзгеріс енгізу ұсынылды. Яғни, бұған дейін Конституциялық кеңестің екі мүшесін, Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін қызметке тағайындап келсе, жаңа жоба халық талқысынан өткен соң басқаша болады. Яғни, Парламент палаталары дербес тұрып Конституциялық соттың үш судьясын, Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін қызметке тағайындайтын болады.
57-бапқа енгізілген өзгерістерді төмендегі салыстырудан толығырақ білулеріңізге болады.
Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.  
57-бап
Жаңа нұсқада: 57-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;».
Ескі нұсқада: 57-баптың 1-тармақшасы
1) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап, 6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап, 47-бап, 50-бап, 51-бап, 52-бап, 53-бап, 54-бап, 55-бап, 56-бап.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-57-bap_278860/

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Конституцияға енгізілетін өзгерістер бизнеске әсер ете ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге 5 маусымда өтетін референдумда Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы түсіндірді.
Жиынға конституциялық реформалар туралы айтатын арнайы спикерлер шақырылды. Онлайн форматта жиынға өңірлерлегі палата филиалдарының өкілдері қатысты.
“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров Конституцияның үштен біріне өзгеріс енгізу көзделіп отырғанын айтты.
Елдегі экономикалық және саяси өзгерістер аясында бизнестің қалай дамитыны өте маңызды,- деді Өстеміров.
Кәсіпкерлерді Конституцияға енгізілетін өзгерістер бизнес саласына қалай әсер ететіні алаңдатады. Осыған орай, олар спикерлерге бірқатар сұрақ қойды.
Елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі Бауыржан Смайылов саясат пен экономика бірге жүретінін айтты.
Кәсіпкерлер елдегі реформаларға қатысуда белсенділік танытуы керек. Президентті қолдап, референдумға қатысуда да ерекшеленуі керек деп ойлаймын,- деді Смайылов.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/konstitutsiyaga-engiziletin-ozgerister-bizneske-aser-ete-me_278975/

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Референдум кезінде басқа қалада жүрген азаматтар қалай дауыс береді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 маусымда өтетін республикалық референдум кезінде азаматтар есептен шығару куәлігімен болатын жеріндегі сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда азаматтардың тұрғылықты жерін … Читать далее

Рубрика: Архив | Оставить комментарий