Архив за месяц: Май 2022

Соцопрос: Более 72% казахстанцев поддерживают идею проведения референдума

Проведенные экспертами  соцопросы последних дней демонстрируют рост поддержки казахстанцев идеи референдума  по конституционным поправкам. 5 июня состоится республиканский референдум по вопросу принятия изменений и дополнений в Конституцию.  Изменения в основной действующий закон включают в себя  поправки в 31 действующую статью … Читать далее

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

19 номер 23 мая 2022 г

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

2022 жылғы 21 мамыр 11:16 Қазақстан азаматтары референдумға шетелден де қатыса алады – СІМ НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан азаматтары ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға шетелден де қатыса алады. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚР Президентінің биылңы 5 мамырдағы №888 Жарлығына сәйкес 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өтеді. Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 52 шет мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылды»,-делінген хабарламада. Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, іскерлік және туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары учаскелік комиссия құрылған Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне жүгіне алады. ҚР шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес референдум өткізілетін күні (2022 жылғы 5 маусым) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады. «Сонымен бірге, шетелдегі сайлау процесін уақтылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз»,-деп хабарлады ҚР СІМ.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstan-azamattary-referendumga-shetelden-de-katysa-alady-sim_a3935539

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді. Бұл пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «5 маусым баршамыз үшін маңызды күн болмақ. Мемлекет басшысының бастамасымен қазір елімізде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Өзгерістердің барлығы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Өйткені реформалар халықтың талап-тілегіне арналған. Ел сеніміне ие болмай, «Жаңа Қазақстан» құру мүмкін емес. Президент ұсынған реформалар стратегиялық маңызға ие. Екінші республиканы құру жолында біз адалдық пен әділетті болу қағидаларын қатаң ұстануымыз керек», – деді Г. Нұрымова. Осы орайда ол алдағы басты қадамдарға тоқталды. «Біріншіден, әр адамға тең мүмкіндік беріледі. Яғни, жасанды монополияға жол берілмей, халық арасында шынайы бәсекелестік артатын болады. Сонымен қатар, әкімдер сайлауын енгізу мәселесі де халықтың көңілінен шығып отыр. Бұл әкімдер сайлауы былтырдан бері елімізде тәжірибеге енгізілді», – деді депутат. «Тағы бір маңызды өзгеріс аясында Мемлекет басшысы жақындарын басшылық қызметтерге тағайындауға шектеу қоюды ұсынды. Бұл дегеніміз, өз өкілеттіктерін қысқартып, мемлекетіміз суперпрезиденттік басқарудан мықты Парламенті бар президенттік жүйеге көшеді деген сөз. Осы ретте Парламенттің рөлі күшейіп, депутаттарды сайлау жүйесіне де өзгерістер енгізілмек. Мысалы, Мәжіліс немесе мәслихат депутаты сайлауына қатысу үшін партия мүшесі болу міндетті болатын. Ендігі кезекте, міндетті түрде партияға мүше болмай, депутаттыққа сайлауға үміткер ретінде қатыса алады. Жалпы конституциялық реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді», – дейді Гүлдара Нұрымова.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/reformalar-halyktyn-kogamdyk-sayasi-omirge-belsendi-aralasuyna-zor-mumkindik-beredi_a3935579

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Бұл референдум барлық демократиялық қағидаттарға сәйкес келеді – Мәжіліс депутаты НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Мұсабаев алдағы референдумның мән-маңызы және заңнамалар жүзінде енгізілетін өзгерістер туралы ой бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ендігіде Мемлекет басшысы қандайда бір облыс, не республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына жалғыз емес, бірнеше кандидатты баламалы негізде ұсынады. Оларды облыстық немесе қалалық мәслихат депутаттары таңдайтын болады. Демек, бұдан былай облыс әкімі де сайланады дей аламыз. Іс жүзінде аймақ басшысы кім болатынын жергілікті депутаттар айқындайды», – дейді депутат. Сондай-ақ, Самат Мұсабаев Парламент пен мәслихаттар депутаттары құрамының жасақталуына қатысты өзгерістерді де атап өтті. «Президенттің Сенаттағы квотасы 15 депутаттан 10-ға дейін қысқарады. Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталады. Облыстық мәслихаттардың 50 пайызы мажоритарлық жүйемен, 50 пайызы партиялық тізіммен, ал аудандық деңгейде 100 пайыз депутаттар мажоритарлық тәсілмен сайланбақ. Онымен қоса, енді Мәжіліс 107 емес 98 депутаттан құралмақ», – деді ол. Еліміздегі жүріп жатқан осы саяси реформалардың арқасында Мәжіліске әртүрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне жол ашылып, саяси бәсекелестіктің артуы мен демократияның дами түсетінін айтты. «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Конституцияға енгізілетін түзетулердің барлығын Парламент қабылдауы тиіс. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сол себепті де, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Референдум – жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды шара. Өйткені, қоғамда күрмеуі шешілмей келе жатқан күрделі мәселелер тым көп. Сол себепті, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қоя отырып, осындай маңызды шешім қабылданды деп бағаладым. Әлбетте, еліміз зор өзгерістер алдында тұр. Сондықтан, 5 маусым күні әр қазақстандықты өзінің азаматтық борышын орындауға шақырамын. Бұл референдум барлық демократиялық қағидаттарға сәйкес келеді деп есептеймін», – деп түйіндеді Самат Мұсабаев.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/bul-referendum-barlyk-demokratiyalyk-kagidattarga-saykes-keledi-mazhilis-deputaty_a3935629

Рубрика: Архив | Оставить комментарий