Заң мен тәртіп: қоғам қауіпсіздігіне бағытталған бастамаларАқмола облысында Президент бастамасымен енгізілген «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Басқарманың аға прокуроры Айым Алтай бұл бастаманың өңіріміздегі орындалу барысына тоқталды.Өңірде жалпы қылмыс деңгейі төмендегенімен, бірқатар проблемалық бағыттар әлі де бар. Прокурордың айтуынша, облыстағы қылмыстық ахуал 1,2 пайызға төмендеген, бұл құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының нәтижесі.Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – басым бағыттардың бірі.«Бүгінгі жастар – ертеңгі қоғамның айнасы. Сол себепті бұл топпен жұмысқа ерекше көңіл бөлудеміз. Облыста «Жас Ұрпақ» ұйымы құрылып, оны үш мыңнан астам оқушы таңдады. Тағы он мыңға жуық бала қосылуға дайын», – дейді Айым Алтай.Президент атап өткендей, қылмыс салдарымен ғана емес, оның себебімен де жүйелі түрде күресу қажет. Бұл бағытта облыстық прокуратура терең талдау жүргізіп, профилактикалық тетіктерді күшейтуде.Алкогольге байланысты қылмыстардың алдын алу үшін «Зиялы қауым» жобасы іске асырылған.

«Жоба 20 аудан мен 589 ауылды қамтыды. 98 ауылда биыл бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ. 35 ауыл алкогольден толықтай бас тартты», – деді прокурор.
31 қазанда өңірде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Бұл шараның тиімділігі айқын сезілген.

«Акция аясында 450 тұрғын тегін заң көмегін алды. Көптеген мәселелер сол жерде шешілді. Жоба принциптері – ашықтық, қолжетімділік және нәтижеге бағытталу», – деп атап өтті.
Облыста жаңадан құрылған жобалық кеңсе барлық ведомстволардың күшін біріктіріп, тұрғындардың сенімін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды үйлестіреді.
Прокурор бұл туралы:

«Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс істеу – қоғамда тұрақтылықты қалыптастыратын ең тиімді жол», – деп қорытындылады.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Заң мен тәртіп: қоғам қауіпсіздігіне бағытталған бастамаларАқмола облысында Президент бастамасымен енгізілген «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Басқарманың аға прокуроры Айым Алтай бұл бастаманың өңіріміздегі орындалу барысына тоқталды.Өңірде жалпы қылмыс деңгейі төмендегенімен, бірқатар проблемалық бағыттар әлі де бар. Прокурордың айтуынша, облыстағы қылмыстық ахуал 1,2 пайызға төмендеген, бұл құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының нәтижесі.Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – басым бағыттардың бірі.«Бүгінгі жастар – ертеңгі қоғамның айнасы. Сол себепті бұл топпен жұмысқа ерекше көңіл бөлудеміз. Облыста «Жас Ұрпақ» ұйымы құрылып, оны үш мыңнан астам оқушы таңдады. Тағы он мыңға жуық бала қосылуға дайын», – дейді Айым Алтай.Президент атап өткендей, қылмыс салдарымен ғана емес, оның себебімен де жүйелі түрде күресу қажет. Бұл бағытта облыстық прокуратура терең талдау жүргізіп, профилактикалық тетіктерді күшейтуде.Алкогольге байланысты қылмыстардың алдын алу үшін «Зиялы қауым» жобасы іске асырылған. отключены

Сердар Бердімұхамедов мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге қатысты Түрікменстанның ұстанымымен бөлісті

– Екіжақты күн тәртібін талқылау барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілді. Өзара сауда-саттық аясын кеңейту және әртараптандыру, сондай-ақ өнеркәсіп кооперациясы саласында бірлескен ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялық саясатты жандандыру мәселелері қарастырылды. Бұл ретте екі мемлекеттің бизнес қоғамдастықтары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтудың маңызы зор. Энергетика – екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі. Түрікменстан бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыруға дайын. Сонымен қатар еліміздің электр энергиясы мен химия өнеркәсібіндегі серіктестікті нығайтуға айтарлықтай мүмкіндігі бар. Көлік және логистика өзара ықпалдастығымыздың стратегиялық сипатқа ие бағыты саналады. Қазіргідей күрделі геосаяси және геоэкономикалық ахуал кезінде Шығыс – Батыс және Солтүстік – Оңтүстік бағдарындағы көлік-транзит дәліздерінің жұмысын жандандыру аса өзекті, – деді Түрікменстан Президенті.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Сердар Бердімұхамедов мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге қатысты Түрікменстанның ұстанымымен бөлісті отключены

Мемлекет басшысы: «Биыл он айда тасымал көлемі бір жарым миллион тоннаны құрап, 14 пайыз ұлғайды»

🟦Президент келіссөздер барысында екіжақты күн тәртібінің кең көлемді мәселелері талқыланып, ықпалдастықтың басым бағыттары белгіленгенін жеткізді. Әуелгі кезекте сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге назар аударылды.

– Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміз арасындағы тауар айналымы жыл сайын жарты миллиард доллардан асады. Биылғы көрсеткіштерге де көңіл толады. Құрметті Түрікменстан Президентімен бірге өзара сауда көлемін бір миллиард долларға дейін ұлғайту үшін қажетті шараларды қолға аламыз. Осы мақсатта Қазақстан тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жұмыс жоспарын қабылдауды ұсынды. Екі елдің бизнес өкілдерін қолдау үшін Сауда үйлерін ашу туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ қос мемлекеттің қалалары арасында тікелей коммерциялық әуе рейстерін ашу мәселесін қарастыруға келістік, – деді Президент.

🟦Қазіргі уақытта көлік-транзит саласы стратегиялық басымдыққа ие. Бұл орайда Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізінің маңызды буыны ретінде Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржол бағдары ерекше рөл атқарады.

– Биыл он айда тасымал көлемі бір жарым миллион тоннаны құрап, 14 пайыз ұлғайды. Тарифтерді оңтайландыру, әкімшілік үдерістерді жеңілдету шаралары қабылдануда. Шекара маңының инфрақұрылымы белсенді түрде дамып, өткізу бекеттері жаңғыртылып жатыр. Түрікменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы бағыты бойынша жол инфрақұрылымдарын ұштастыру мәселесі біртіндеп шешілуде. Контейнерлік тасымалды жандандыру үшін Каспийдегі Ақтау, Құрық, Түрікменбашы порттарының көлік-логистикалық әлеуетін толық пайдалануға уағдаластық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Мемлекет басшысы: «Биыл он айда тасымал көлемі бір жарым миллион тоннаны құрап, 14 пайыз ұлғайды» отключены

Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері мынадай үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасты:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасында мәдени-гуманитарлық сала бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасында көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түрікменстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында зейнетақымен қамтамасыз ету саласы бойынша ақпараттық ықпалдастық туралы келісім;
  4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Түрікменстанның Әділет министрлігі арасында құқықтық саладағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
  5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі арасында ветеринария саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы мен Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Астық дақылдары ғылыми-зерттеу институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  7. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасында көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі 2026-2027 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;
  8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Түрікменстанның Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2026-2027 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар жоспары;
  9. Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы әкімдігі мен Түрікменстанның Балқан уәлаяты әкімшілігі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  10. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Түрікменстанның Ғылым академиясы арасында ғылым саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
  11. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК мен Түрікменстанның Телевизия, радио хабар тарату және кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында ақпараттық сала бойынша ынтымақтастық туралы келісім.
Рубрика: Архив | Комментарии к записи Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері мынадай үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасты: отключены

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

✔️Салтанатты рәсімде Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жаңа тұрпаттағы беделді саяси қайраткер, Түрікменстанның мемлекеттілігін, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен халықаралық аренадағы орнын дәйекті түрде нығайтып келе жатқан прогрессивті, мықты көшбасшы ретіндегі рөлін атап өтті.

– Сіз түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы, аса құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич Бердімұхамедовтің келешекке арналған стратегиялық бағдарын сенімді түрде жалғастырып келесіз. Сіздің салиқалы басшылығыңызбен Түрікменстан экономикасы керемет қарқынмен дамуда. Еліңізде өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы белсенді түрде жаңғырып жатыр. Энергетикалық әлеуетті нығайту және технологиялық трансформация бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Баянды бастамаларыңыздың арқасында бауырлас Түрікменстанда ірі әлеуметтік жобалар жоспарлы түрде жүзеге асырылып, ғылым-білім саласы соны серпін алып, халықтың әл-ауқаты жақсара түсті. Бұл жетістіктің бәрі шынайы құрметке және жоғары бағаға лайық, – деді Президент.

✔️Мемлекет басшысы Ашхабадтың дипломатия, бейбітшілік пен тұрақтылық мекені ретіндегі халықаралық беделі мен мәртебесін арттыру жолындағы Түрікменстан басшылығының күш-жігеріне ерекше тоқталды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Түрікменстанның 2025 жылды Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы деп жариялау туралы бастамасын БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауы елдің жауапты әрі белсенді ұстанымын көрсетеді.

✔️Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентінің бауырлас елдер арасындағы достықты, өзара түсіністік пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады отключены