Aqorda 🇰🇿:Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз «Жылқы жылы жайлы болады» деп ырымдайды. Біз келесі жылдан көп жақсылық күтеміз»

Біз әр жетістікке жұртымыздың ерен еңбегінің арқасында жеттік.

Азаматтарымыз білім, ғылым, мәдениет салаларында биік белестерді бағындырды. Олар халқымызды рухы асқақ, зияткер ұлт ретінде танытуға зор үлес қосты.

Оқушыларымыз халықаралық білім сайыстарында топ жарды. Спортшыларымыз әлемдік додаларда үздік шықты, Көк туымызды желбіретті.

Биыл біз «Жұмысшы мамандықтары жылын» атап өттік. Еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсеттік. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Мемлекет мұғалімдер мен дәрігерлерге жан-жақты қолдау көрсетті және осы саясат ұзақмерзімді стратегиялық сипатқа ие болды. Еліміздің мәдениет және ғылым қайраткерлеріне жан-жақты қолдау көрсетілді.

Адал еңбектің қадірін білетін ұлттың келешегі де жарқын болмақ. Өз кәсібінің нағыз маманы болған отаншыл азаматтар еліміздің көшін алға бастайды.

Осылайша, ХХІ ғасырдың бірінші ширегін абыроймен аяқтадық. Экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша Қазақстан осы саяси-географиялық кеңістікте көш бастады.

Бәріміз бір ел болып Әділетті, Қауіпсіз, Күшті, Таза, Озық Қазақстанды құрып жатырмыз.

Енді, міне жылқы жылына аяқ басқалы тұрмыз. Қазақ үшін қазанаттың орны қашанда бөлек. Халқымыз «Жылқы жылы жайлы болады» деп ырымдайды. Біз келесі жылдан көп жақсылық күтеміз. Өркениетті ұлт ретінде алысқа көз тігеміз. Алға қойған биік мақсатымыз және нақты жоспарымыз бар.

t.me/aqorda_resmi

Касым-Жомарт Токаев: «Как прогрессивная нация мы смотрим далеко вперед»

Все эти и другие достижения стали возможны благодаря упорному труду нашего народа.

Многие соотечественники покорили новые высоты в образовании, науке, культуре. Тем самым они внесли серьезный вклад в укрепление нашего образа как интеллектуальной и сильной духом нации.

Учащиеся успешно выступали на международных олимпиадах и конкурсах. В честь побед наших спортсменов не раз поднимался над мировыми аренами наш небесно-голубой флаг.

В уходящий год, прошедший под знаком Года рабочих профессий, особые почести были оказаны людям труда. Это начинание получит свое продолжение и в дальнейшем.

Государство всесторонне поддерживало учителей и врачей. И такая политика носит долгосрочный стратегический характер. Большое внимание также было уделено поддержке деятелей культуры и науки.

Несомненно, нацию, которая ценит честный труд, ждет светлое будущее. Именно патриотичные граждане, являющиеся подлинными профессионалами своего дела, идут в авангарде прогресса нашей страны.

Таким образом, мы достойно завершаем первую четверть XXI века, закрепив за Казахстаном лидирующие позиции по социально-экономическим показателям в нашем политико-географическом регионе.

Общими усилиями мы строим Справедливый, Безопасный, Сильный, Чистый, Передовой Казахстан.

Мы стоим на пороге Года лошади. Это животное занимает особое место в жизни нашего народа. Согласно поверьям, Год лошади считается благоприятным. Мы возлагаем большие надежды на 2026 год. Как прогрессивная нация мы смотрим далеко вперед. Перед нами стоят высокие цели, и у нас есть конкретные планы, как их достичь.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Aqorda 🇰🇿:Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз «Жылқы жылы жайлы болады» деп ырымдайды. Біз келесі жылдан көп жақсылық күтеміз» отключены

Aqorda 🇰🇿:Президент: «2025 жыл халқымыз үшін мерейлі жыл болды»

Қымбатты отандастар!

Біз бірнеше минуттан кейін Жаңа жылды қарсы аламыз. Төл тарихымыздың тағы бір белесіне қадам басамыз.

Жұртымыз Жаңа жылды ерекше көңіл-күймен күтеді. Әр адам осы сәтте арман-тілегін айтады. Ескі жылдың ең әсерлі сәттерін еске алады. Болашаққа жоспар құрып, зор үміт артады.

2025 жыл халқымыз үшін мерейлі жыл болды. Еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Әлемдегі ахуал күрделі болса да, экономикамыз өркендеп, ішкі жалпы өнім 6 пайыздан асты. Қазақстанның алтын-валюта қоры 62 миллиард доллардан асты.

Елге ауқымды инвестиция тартып, бірқатар ірі жобаны жүзеге асырдық. «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі іске қосылды. Бұл – Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы.

Сондай-ақ он үш мың шақырым автокөлік жолы салынып, жөнделіп жатыр. Соның арқасында Қазақстанның транзиттік әлеуеті арта түсті.

Диқандарымыз екінші жыл қатарынан мол өнім алып, қамбаны астыққа толтырды. Ауылды және ауыл шаруашылығын дамытуға баса мән беріп жатырмыз. Шаруаларға бұрын-соңды болмаған қаржылай қолдау көрсетілді, яғни 1 триллион теңге осы мақсатқа жұмсалды.

Биыл жалпы аумағы 19 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Мыңдаған отбасы баспаналы болды.

Әлеуметтік салада көп шаруа жасалды. Жүзден астам мектеп, екі жүзге жуық денсаулық сақтау нысаны бой көтерді. Әлемнің үздік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылды.

Адам құқықтарын қорғауға баса мән беріліп жатыр. Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаты орныға түсті, азаматтарымыздың құқықтық сана-сезімі күшеюде.

t.me/aqorda_resmi

Президент: «2025 год стал для Казахстана годом созидания»

Дорогие соотечественники!

Через несколько минут мы встретим Новый год и откроем еще одну страницу в летописи нашей страны.

Наш народ всегда с особым воодушевлением ждет этот праздник. В эти мгновения каждый загадывает свои сокровенные желания, вспоминает самые яркие события уходящего года, строит планы и с надеждой смотрит в будущее.

2025 год стал для Казахстана годом созидания. Страна вышла на магистральный путь развития. Несмотря на сложную ситуацию в мире, наша экономика демонстрирует хороший рост. Валовой внутренний продукт увеличился на 6 процентов, объем золотовалютных резервов превысил 62 миллиарда долларов.

Благодаря привлечению масштабных инвестиций мы реализовали ряд крупных проектов. В частности, была запущена вторая линия железной дороги Достык – Мойынты. Это самая крупная железнодорожная магистраль, построенная за годы Независимости.

Наряду с этим осуществляется строительство и ремонт 13 тысяч километров автомобильных дорог, что позволит значительно укрепить транзитный потенциал Казахстана.

Наши аграрии второй год подряд собирают богатый урожай, заполняя зерном закрома Родины. Мы уделяем приоритетное внимание развитию сельских территорий и агропромышленного комплекса. Фермерам была оказана беспрецедентная финансовая поддержка в размере 1 триллиона тенге.

В уходящем году в строй было введено более 19 миллионов квадратных метров жилья, в результате тысячи семей обрели собственные квартиры.

Большая работа проделана в социальной сфере. Возведено свыше 100 школ и порядка 200 объектов здравоохранения. В стране открылись филиалы ведущих университетов мира.

Особое внимание уделяется защите прав человека. В обществе укореняется принцип «Закон и Порядок», что способствует повышению уровня правосознания граждан.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Aqorda 🇰🇿:Президент: «2025 жыл халқымыз үшін мерейлі жыл болды» отключены

Жалған ақпарат жүйеге қалай айналды: ақпараттық 2025 жылдың қорытындылары

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымы жалған ақпараттың кездейсоқ құбылыс емес, саналы түрде қолданылатын ықпал ету құралына айналған кезеңін қорытындылайды. Біз ақпараттық толқындардың қалай қалыптасатынын, эмоциялар неліктен жалған ақпараттың басты қозғаушы күшіне айналғанын, дипфейктердің, пікірлердің және «көпшілік әсерінің» қандай рөл атқаратынын және неге мұндай шабуылдар ешқашан дерлік кенеттен болмайтынын қарастырамыз. Бұл шығарылым 2026 жыл қарсаңында қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етудегі сенім факторының маңызын, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің барлық қатысушыларының ортақ жауапкершілігін айқындайды.
https://t.me/AntiFakeCenter/94

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Жалған ақпарат жүйеге қалай айналды: ақпараттық 2025 жылдың қорытындылары отключены

Как фейки стали системой: итоги информационного 2025 года

В новом выпуске Центр по борьбе с дезинформацией подводит итоги года, в котором фейки перестали быть случайными и превратились в выстроенный инструмент влияния. Мы разбираем, как формируются информационные волны, почему эмоции стали главным топливом дезинформации, какую роль играют дипфейки, комментарии и эффект «большинства», и почему такие атаки почти никогда не бывают спонтанными. Это выпуск о ключевых уроках года, ответственности всех участников информационного поля и доверии как главном ресурсе устойчивости общества на пороге 2026 года.
https://t.me/AntiFakeCenter/94

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Как фейки стали системой: итоги информационного 2025 года отключены

Рубрика: Архив | Комментарии к записи отключены