🇰🇿🇷🇺Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті

🟦Студенттер Мемлекет басшысына қазақша тіл қатты. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптарында көрініс тапқан дипломатия мен ашықтық қағидалары Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында үлгі ретінде оқытылатынын жеткізді.

🟦Сонымен қатар жастар Абай Құнанбайұлы шығармашылығына зор қызығушылықпен қарайтынын айтты.

– Ақынның «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген достық туралы ой орамдары өте ерекше. Ресей мен Қазақстан – мәңгілік достықтың қос қанаты деп есептейміз. Екі елді, екі халықты риясыз, шынайы достық қарым-қатынас байланыстырады, – деді жастар.

🟦Мемлекет басшысы студенттердің қазақ тілін үйренуге деген ынтасына жоғары баға беріп, оларға сәттілік тіледі.

– Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты – өте беделді жоғары оқу орны. Бүкіл әлемге танымал. Қазақстан бүгінде дербес мемлекет. Менің ойымша, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында алған білімдеріңіз болашақта мол пайдасын тигізеді. Өйткені түрлі елдер туралы, оның ішінде Ресейдің бұрыннан келе жатқан одақтасы Қазақстан жайында көп мағлұмат білу Сіздерге кейін жұмысқа орналасуға, сондай-ақ әлемде және өңірлік деңгейде бәсекеге қабілетті маман болуға көмектеседі, – деді Президент.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи 🇰🇿🇷🇺Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті отключены

Москву украсили флагами Казахстана и России в преддверии госвизита Токаева Флаги России и Казахстана парами вывесили в Москве в преддверии государственного визита казахстанского президента Касым-Жомарта Токаева. По направлению к центру города флагами стран украшен Ленинский проспект до станции метро Октябрьская.Токаев посетит Россию 11-12 ноября. В рамках визита у него пройдут переговоры с президентом РФ Владимиром Путиным. https://ria.ru/20251110/moskva-2053957435.html?in=l

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Москву украсили флагами Казахстана и России в преддверии госвизита Токаева Флаги России и Казахстана парами вывесили в Москве в преддверии государственного визита казахстанского президента Касым-Жомарта Токаева. По направлению к центру города флагами стран украшен Ленинский проспект до станции метро Октябрьская.Токаев посетит Россию 11-12 ноября. В рамках визита у него пройдут переговоры с президентом РФ Владимиром Путиным. https://ria.ru/20251110/moskva-2053957435.html?in=l отключены

🇰🇿🇷🇺Қазақстанның көк туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр

Қаладағы көрікті жерлердің бірі – Останкино телемұнарасы біздің байрақпен безендірілді.

Ресей астанасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи 🇰🇿🇷🇺Қазақстанның көк туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр отключены

10 ноября 2025 год

Рубрика: Архив | Комментарии к записи 10 ноября 2025 год отключены

Ақмола өңірінде 80 мыңнан астам азамат әлеуметтік көмек алдыАқмола облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту саласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Ақмола өңірінде 80 мыңнан астам азамат әлеуметтік көмек алды
Ақмола облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту саласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Өңірде қарттар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және аз қамтылған отбасыларды қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы брифингте Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.
Оның айтуынша, жыл сайын қазан айында облыс көлемінде қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға арналған әлеуметтік қолдау айлығы өткізіледі. Бұл бастама қоғамда қамқорлық пен құрмет құндылықтарын нығайтуға, сондай-ақ егде жастағы адамдардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.
Қазір облыста 131 мыңнан астам зейнеткер, 29 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам, бір Ұлы Отан соғысының ардагері және 1200-ден астам тыл еңбеккері тұрады. Биылғы айлық аясында 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, 81 мың адам әлеуметтік көмек алды. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 910 миллион теңге жұмсалды.
Шолпан Рахматуллинаның айтуынша, 35 мың зейнеткер біржолғы қаржылай көмек алған.
«Сонымен қатар, 1200 зейнеткердің санаторийге бару шығындары өтелді. Көкшетау қаласының 31 мың зейнеткері қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігіне ие болды, ал кейбір азаматтарға отын сатып алуға көмек көрсетілді. Бұл бастамалар облыс әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасымен жүзеге асырылуда»,-деп атап өтті спикер.
Негізгі мақсат – егде жастағы азаматтардың өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру.
Өңірде қазіргі таңда 29 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам бар. Олардың ішінде бірінші топтағы – 3 297, екінші топтағы – 10 649, үшінші топтағы – 12 070 адам, сондай-ақ 3 600-ге жуық бала бар. 1 қарашадағы мәлімет бойынша 13 мыңнан астам адам оңалту құралдары мен қызметтерімен қамтамасыз етілген. Бұл қатарға протездік-ортопедиялық көмек, арбалар, есту аппараттары, гигиеналық құралдар және жеке көмекшілер қызметі кіреді.
«Облыста 46 әлеуметтік қызмет көрсету мекемесі жұмыс істейді. Оның 29-ы мемлекеттік, 17-сі жеке ұйым. Осы мақсаттарға 430 миллион теңге бөлінген. Мүгедектігі бар адамдар күніне орай өңір тұрғындарына 300 миллион теңгеден астам біржолғы әлеуметтік төлем жасалған»,-деді басқарма басшысы.
Шолпан Рахматуллина атап өткендей, Ақмола облысында әлеуметтік саясатты дамыту мен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады. Қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға қамқорлық көрсету — өңір басшылығының басты басымдығы болып қала береді.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмола өңірінде 80 мыңнан астам азамат әлеуметтік көмек алдыАқмола облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту саласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. отключены