⚡️Мемлекет басшысы форумда айтылған ұсыныстарды қолдайтынын және олардың ең пайдалысын жүзеге асыру бойынша тапсырма беретінін жеткізді

«Нағыз волонтер тұтас қоғамның игілігін ойлайтын, еліміздің мұрат-мүддесін биікке қоятын саналы азамат екені сөзсіз.

Осы орайда, бүгін мен барша еріктілерге шынайы алғысымды айтамын. Сіздер барлық игі істің басы-қасында, халқымыздың арасында жүрсіздер! Еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келесіздер.

Жаңа ғана бірнеше азамат сөз сөйледі, салмақты ойларын ортаға салды. Ұтымды ұсыныстарын жеткізді. Олардың көбін мен қолдаймын, ең пайдалы ұсыныстарыңызды жүзеге асыруға тапсырма беремін.

Халқымыз «Ақыл – жастан» деп бекер айтпаған.

Қазақстанның болашағы – осындай белсенді әрі жігерлі ұл-қыздарымыздың қолында. Бәріңізге «Жарайсыздар!» деп айтқым келеді».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ⚡️Мемлекет басшысы форумда айтылған ұсыныстарды қолдайтынын және олардың ең пайдалысын жүзеге асыру бойынша тапсырма беретінін жеткізді отключены

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу»

«Баршаңызға Волонтерлер форумының ашылуы құтты болсын!

Бұл – шын мәнінде ерекше басқосу. Бәріңіз де бүгінгі форумға еліміздің әр аймағынан келіп жатсыздар.

Мен Сіздерді қоғам игілігі үшін қызмет етіп жүрген Қазақстанның нағыз отаншыл, жасампаз және қамқор жастары деп санаймын.

Биыл бүкіл әлем Халықаралық еріктілер жылын атап өтуде. Өздеріңіз білесіздер, бұл бастаманы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-ші сессиясында көтердім. Еліміздің ұсынысы жаһандық ауқымда қолдау тапты. Біз өркениетті ел ретінде күллі адамзатқа ортақ құндылықтарды дәріптейміз, оны келешек ұрпаққа аманат етеміз.

Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу деген сөз.

Ниеті түзу, жаны таза адамдар осы жолды таңдайды, еріктілер қатарына қосылып, қажырлы еңбек етеді.

Еріктілерді озық ойлы қоғамның айнасы деп айтсақ, артық болмайды».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу» отключены

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев

Арнайы режимдерді Конституцияда бекіту ерікті шешімдерді қабылдау тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді – Әділет министрлігі

Министр юстиции РК Ерлан Сарсембаев

Конституционное закрепление специальных режимов позволит снизить риски принятия произвольных решений – Минюст

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев отключены

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев

Конституциялық деңгейде арнайы режимдерді қолданудың шектері мен шарттарын белгілеу түбегейлі маңызға ие – Әділет министрлігі

Министр юстиции РК Ерлан Сарсембаев

Принципиальное значение имеет установление на конституционном уровне пределов и условий применения специальных режимов – Минюст

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев отключены

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев

Кәсіпкерлік кепілдіктер мен бостандықтарға қатысты Конституциялық құқық нормаларын кешенді түрде қарастыру қажет – Азат Перуашев

Депутат Мажилиса, руководитель фракции партии «Ак жол» Азат Перуашев

Необходимо комплексно рассмотреть конституционные нормы, касающиеся гарантий и свобод предпринимательской деятельности – Азат Перуашев

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев отключены