Менің депутаттық сауалым Премьер-министр О.А.Бектеновке жолданады.

Құрметті Олжас Абайұлы!

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды.
Осы орайда Үкіметпен мемлекеттік органдардың халықпен кері байланыс орнататын бірыңғай платформасын құру шаралары уақытылы қолға алынуда. Аталған платформаның басты міндеті – азаматтардың күнделікті өмірде кездесетін өзекті мәселелерін уақытылы анықтап, оларды цифрлық құралдар арқылы тиімді шешу болып табылады.

Осындай өзекті бағыттардың бірі – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі. Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми дерегіне сәйкес, 2023–2025 жылдар аралығында 31 463 орынды қамтитын 113 жатақхана пайдалануға берілген. Осы шаралардың арқасында 2026 жылы жатақхана тапшылығы 7 жарым мың орынға дейін қысқарды.

Дегенмен, мәселенің ендігі кезеңі тек жаңа ғимарат салумен шектелмеуге тиіс. Енді студенттің жатақханаға қалай қол жеткізетіні, кезектің қаншалықты ашық жүргізілетіні және әр орын туралы ақпараттың қаншалықты қолжетімді екені маңызды.

Әлемде бұл мәселе цифрландыру тетіктері арқылы оң шешімін табуда. Мысалы, Нидерланд және Францияда студенттерді баспанамен қамтамасыз ету жүйесі толығымен цифрлық платформаларға, АҚШ және Ұлыбританияда университеттер мен жеке компаниялардың серіктестік үлгілеріне, сондай-ақ Ұлыбритания, Германия және Австралияда арнайы тұрғын үй операторларына негізделген.
Елімізде де жауапты Министрлік тарпынан студенттік жатақханаларды цифрландыру талаптары қойылғанымен, бұл талапты жоғары оқу орындары өз бетінше, әртүрлі деңгейде іске асыруда.

Осыған байланысты, 2026 жылғы 11 маусымда өткен «Respublica» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында студенттік жатақханаларды үлестірудің бірыңғай цифрлық платформасын енгізу ұсынылды. Соның негізінде Ғылым және жоғары білім, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерімен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Аталған платформа мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындары мен колледждердің жатақханаларын біріктіретін «бір терезе» қағидатындағы жүйе болуы керек.

Осыған орай, Үкіметтен:

  1. 2026 жылдың соңына дейін жоғары оқу орындары мен колледждер жатақханаларын цифрландыруға қойылатын архитектуралық, технологиялық және өзеге де талаптардың бірыңғай стандартын әзірлеуді;
  2. 2027–2028 оқу жылы басталғанға дейін барлық мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдарды жұмылдырып, мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындары мен колледждердің жатақханаларын платформаға кезең-кезеңімен толық қосуды;
  3. Орын бөлу кезінде заңнамада белгіленген әлеуметтік басымдықтарды автоматты тексеретін ашық алгоритмдік скорингті енгізіп, қағазбастылықты азайтуды, сонымен бірге дербес деректердің қорғалуын, шешімдердің аудитін және шағымдану тетігін қамтамасыз етуді;
  4. Платформа деректері негізінде жыл сайын өңірлер мен оқу орындары бөлінісінде студенттік тұрғын үйге нақты қажеттілік картасын қалыптастырып, жаңа жатақхана салу мен қолданыстағы қорды жаңғырту жөніндегі шешімдерді осы деректермен байланыстыруды;
  5. Платформада әрбір өтінім беру тарихын сақтай отырып, электронды кезек, онлайн брондау, цифрлық келісімшарт және жатақхана орындарының нақты уақыттағы есебін ашық көрсетуді;
  6. Қазіргі таңда талапкердің жоғары оқу орынына құжатты eGov арқылы тапсыра алатынын ескере отырып, аталған платформаны электрондық үкіметпен интеграциялауды ұсынамыз.

Құрметпен, Құрылтай депутаты, «RESPUBLICA»
фракциясының атынан Нүргүл Тау

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Менің депутаттық сауалым Премьер-министр О.А.Бектеновке жолданады. отключены

«Әділет» партиясы Фракциясының сауалы

ҚР Премьер-министрдің орынбасары Қ.А. Бозымбаевқа бағытталады.

Тақырыбы: Алатау қаласының инженерлік, әлеуметтік және цифрлық инфрақұрылымын дамыту туралы (Smart City).
Құрметті Қанат Алдабергенұлы!

Мемлекет басшысы Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыруға және жасанды интеллект пен жаңа технологияны экономиканың барлық саласына енгізуге ерекше мән беруде. Бұл – технологиялық жаңғыру ғана емес, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

Осы тұрғыдан алғанда, Алатау қаласының құрылысы ерекше мәнге ие. Президент айқындаған жаңа экономикалық модельдің нақты көрінісі болуы тиіс бұл жоба инвестиция, өндіріс, логистика және цифрлық технологияны бір жерге шоғырландырумен ғана шектелмеуі керек.

Президент тапсырмасымен Алатау қаласы құрылысының негізгі қағидалары жаңа Конституцияға енгізілді. «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заң қабылданды.

Алатау – кезекті жаңа қала ғана емес, ол еліміздің технологиялық және экономикалық жаңғыруының маңызды алғышарттарының бірі.
Сондықтан Smart City ең алдымен smart өмір сүру ортасын қалыптастыруы тиіс.

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелерімен кездесуде қала тұрғындары өздерінің алаңдаушылығын жеткізгенін баса айтқымыз келеді. Қала құрамына енген елді мекендердің халқы базалық инфрақұрылым мәселесімен әлі бетпе-бет келіп тұр. Цифрлық трансформацияның толық нәтижесі туралы айту да қиындау. Сондықтан Алатаудың дамуын жаңа технологиялық нысандармен ғана емес, халықтың күнделікті өміріндегі нақты өзгерістермен ұштастыру маңызды.

Еңбек және Жетіген елді мекенінде соңғы жылдары бірқатар мәселе шешілді. «Келешек мектеп» салынды, заманауи фельдшерлік-акушерлік пункт іске қосылды, газ желілері тартылды. Жолдар мен электр желілерін жаңарту жұмыстары басталды. Жетігендегі теміржол өткелінің мәселесі жаңа көпірдің іске қосылуымен шешімін тапты.

Алайда әлі де проблемалар бар. Кей көшелерде абаттандыру аяқталмаған. Газ желісіне қосылу құны тұрғындар үшін қымбат. Әлеуметтік нысандарға білікті мамандар тарту мәселесі де өзекті. Бұл – жеке ауылдардың ғана емес, Алатау қаласының жаңа моделінің қаншалықты әділетті әрі тиімді қалыптасып жатқанын айқындайтын көрсеткіш.

Цифрлық мемлекет құру – тек қосымша камера немесе электронды қызмет енгізу емес. Оның мәні – азаматтың уақытын үнемдеу, мемлекеттік қызметті қолжетімді ету, инфрақұрылымды тиімді басқару және шешім қабылдауды нақты деректерге негіздеу, жалпы халықтың өмір сүруіне қолайлы орта жасақтау.

Сондықтан Алатау Smart City жобасы қала орталығындағы технологиялық шешімдермен ғана шектелмей, оның электрондық-әлеуметтік мүмкіндігі қала құрамына кіретін барлық елді мекендерге жетуі қажет.

Осы орайда сізден:

  1. Алатау қаласының барлық елді мекенін қамтитын инженерлік, әлеуметтік және цифрлық инфрақұрылымды дамытудың бірыңғай жоспарын бекітуді;
  2. Мектептер мен медициналық нысандарды қажетті мамандармен қамтамасыз етуді және цифрлық мемлекеттік қызметтерді барлық елді мекенге кезең-кезеңімен енгізуді;
  3. Алатау қаласының тиімділігін инвестиция көлемімен ғана емес, тұрғындардың өмір сапасы, инфрақұрылымға қолжетімділігі және мемлекеттік қызметтердің сапасы арқылы бағалайтын нақты көрсеткіштер жүйесін енгізуді сұраймыз!
    Депутаттық сауалға заңнамада көрсетілген мерзімде жауап беруіңізді қалаймыз! Құрметпен, «Әділет» Фракциясының мүшелері – Жанарбек Әшімжан, Снежанна Имашева, Бота Елеусізова, Нұрбақыт Теңізбаев, Мадияр Әмірғалиев
Рубрика: Архив | Комментарии к записи «Әділет» партиясы Фракциясының сауалы отключены

Депутатский запрос Фракции партии «Әділет» адресован Премьер-Министру РК Бектенову О.А.

Тема: о совершенствовании системы комплексной поддержки детей с инвалидностью с учетом их индивидуальных способностей и потребностей.

Уважаемый Олжас Абаевич!
По данным Бюро национальной статистики, на конец
2025 года в Казахстане зарегистрировано 120 013 детей
с инвалидностью в возрасте до 18 лет.
Среди них есть дети с полностью сохранным интеллектом и способностью к обучению, но с опорно-двигательными ограничениями.
Такие дети способны учиться, заниматься спортом, получать высшее образование и в будущем самостоятельно реализовывать свой потенциал. Однако физические ограничения зачастую становятся барьером не из-за состояния здоровья, а из-за того, что существующая среда и меры поддержки не всегда соответствуют их индивидуальным потребностям.
В этой связи предлагаю четыре конкретных решения.
Первое. Образование и социализация.
На базе действующей системы инклюзивного образования предусмотреть ресурсные классы и программы для детей
при сохранном интеллекте.
Обучение должно быть гибким: очным, индивидуальным, при необходимости – с использованием онлайн форм
по отдельным предметам.
Ребенок должен иметь возможность получать полноценное образование и одновременно находиться в безопасной среде для социализации.

Второе. Международное образование.
Рассмотреть специальные механизмы участия людей
с инвалидностью, обладающих высоким образовательным потенциалом, в программе «Болашак», включая возможность отдельной квоты.
Физическая инвалидность не должна становиться препятствием для обучения в лучших зарубежных университетах.
Третье. Спорт.
Предлагаю рассмотреть компенсацию 70-100% стоимости занятий детей с инвалидностью в доступных бассейнах, спортивных секциях, фитнес-центрах и других объектах рядом
с местом проживания.
Это позволит одновременно укреплять здоровье, заниматься спортом и социализироваться в обычной среде.
Четвертое. Инновации.
Предлагаю запустить ежегодный конкурс для людей
с инвалидностью и их родителей на разработку практических решений – ортопедических устройств, адаптивной мебели, реабилитационного и спортивного оборудования.
Именно люди с инвалидностью и их родители лучше всех знают существующие проблемы и могут предложить практические решения. В качестве пилотного проекта предусмотреть гранты с финансированием полного цикла
от прототипа до вывода продукта на рынок.
На основании изложенного прошу рассмотреть мой депутатский запрос и дать ответ в соответствии
с установленным законом.

С уважением, депутат Фракции партии «Әділет»
Елдос Баялышбаев

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Депутатский запрос Фракции партии «Әділет» адресован Премьер-Министру РК Бектенову О.А. отключены

Мұң мұратқа айналмаса, ұлтты не күтуі мүмкін?

«Тарихшы ретінде айтарым, бұл – психология. Ол тек ұлтқа ғана емес, жеке адамға да тән. Егер адам үнемі өткен өмірімен өмір сүре берсе, қайғыға байланып қалады. Ондай адам алға жылжымайды, дамымайды. Сондықтан адамға да, ұлтқа да мінез, табандылық керек. Өткенге салауат айтып, болашаққа сеніммен қарау қажет. Жасампаз ұлт болу үшін ұлттың амбициясы, миссиясы болуы керек. Зиялы қауымнан бастап әр азаматқа дейін өз ұлтының болашағы туралы ойлануы керек. Сонда ғана ұлтта мінез қалыптасады», – деді ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Мұң мұратқа айналмаса, ұлтты не күтуі мүмкін? отключены

🇰🇿🇰🇷Корея Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шикпен кездесу

📍Корея, Сеул қаласы


🇰🇿🇰🇷Встреча со Спикером Национальной Ассамблеи Республики Корея

📍г. Сеул, Корея

Рубрика: Архив | Комментарии к записи 🇰🇿🇰🇷Корея Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шикпен кездесу отключены