Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 62-бап

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент палаталарының заң қабылдау ережесін белгілеген баптардың бірі – 62-бап.

8 тармақтан тұратын бапқа бұған дейін екі рет түсініктеме беріліп, бір рет өзгертулер енгізілген. Ал биылғы реформа негізінде екі тармағына толықтыру енгізілді. Онда Парламент палаталарының ұсынылған заңды қабылдау ережесі анық көрсетілді.

Сонымен қатар бұған дейін Парламент палаталары Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды ғана қадағалап келсе, енді Конституциялық заңдарды да кемінде екі оқылым талқылауы керек. Яғни заңның тиімділігі мен өзектілігін барынша талқылайды деген сөз.

Тағы бір айта кетерлігі, бұған дейін 62-бапта көрсетілмеген тағы бір толықтыру енгізілді осы баптың 5-тармағына. Ол – заң қабылдауда Сенат пен Мәжілістің нақты міндетін айқындау. Яғни Ата заңымызда айрықша аталмаған болса, ұсынылған заңды депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен Мәжіліс қабылдайды, Сенат мақұлдайды.

Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.

62-бап

Жаңа нұсқада: 62-бапта:

1) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен заңдарды Мәжіліс қабылдайды, Сенат мақұлдайды.

Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Парламенттің және оның Палаталарының қаулылары Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.»;

Ескі нұсқада: 62-баптың 5-тармағы

5. Парламент пен оның Палаталарының заң актілері, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

Жаңа нұсқада: 62-бапта:

2) 6-тармақ «бойынша» деген сөзден кейін «, конституциялық заңдардың жобалары бойынша» деген сөздермен толықтырылсын.

Ескі нұсқада: 62-баптың 6-тармағы

6. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.

Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап, 6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап, 47-бап, 50-бап, 51-бап, 52-бап, 53-бап, 54-бап, 55-бап, 56-бап, 57-бап, 58-бап, 61-бап.

Конституцияның бөлімдеріне жасалатын өзгерістер

Сонымен қатар осы жолғы талдауымызда Конституция бөлімдеріне енгізілген өзгертулерді де атап өткіміз келеді. Ата заңның екі бөлімінің атауына өзгерту енгізілді. Нақтырақ айтсақ, VI және VII бөлімдер жаңа редакцияда ұсынылды.

Жаңа нұсқада: VI бөлімнің тақырыбындағы «Кеңес» деген сөз «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын.

Ескі нұсқада: VI бөлім. Конституциялық Кеңес

Жаңа нұсқада: VII бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«VII бөлім

Соттар және сот төрелiгi. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл».

Ескі нұсқада: VII бөлім. Соттар және Сот төрелiгi

https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-62-bap_279235/
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Референдумға дайындық Бельгияда қалай жүріп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумды өткізуге дайындық Брюссельдегі 241 сайлау учаскесінде қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Осы елде тұратын немесе уақытша жүрген отандастарымыз үшін Бельгиядағы Қазақстан елшілігі ғимаратының есігі айқара ашық. Мұнда 5 маусымда таңғы 7-ден оқу орындарында оқитын студенттеріміз, дипломаттар мен отбасы мүшелері, сондай-ақ қызметтік немесе туристік сапармен барғандар келе алады. Денсаулығына байланысты  келе алмайтындар үшін жылжымалы жәшік әзірленген. Оны учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері үйге дейін апарады. 

Қазіргі есеп бойынша Бельгиядағы референдумға Қазақстанның 200-ге жуық азаматы қатысуы мүмкін. Басқа да отандастарымыз болса, біздің консулдық бөлімшеге хабарласуын сұраймыз. Алдағы референдум туралы ақпаратты Фейсбук пен интернет-порталымыз және смс хат арқылы таратып жатырмыз. Мемлекет басшысы қолға алған реформалар мен Конституцияға өзгерістер енгізу бастамасы азаматтарымыздың үлкен қызығушылығын тудырып отыр, сондықтан көп адам келеді деп күтеміз, – деді Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Сұлтанғожин.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/referendumga-dayyndyq-belgiyada-qalay-zhurip-zhatyr_279225/

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

В ЦКР состоялось совещание по вопросам информирования граждан при проведении референдума

26 мая в офлайн и онлайн режимах в Центральной комиссии референдума РК под председательством Нурлана Абдирова состоялось совещание по вопросам информирования граждан о предстоящем референдуме.

В заседании приняло участие руководство министерств цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности, информации и общественного развития, акиматов, территориальных комиссии всех регионов, а также средства массовой информации.

В своем приветственном слове к участникам совещания председатель ЦКР Нурлан Абдиров отметил, что в соответствии с Конституционным законом «О референдуме» организация и проведение референдума осуществляются открыто и гласно. Центральная комиссия референдума информирует граждан о ходе подготовки к референдуму.

Он отметил, что все заседания комиссии проходят в гибридном формате – как в офлайн, так и в онлайн режиме, с обязательным участием средств массовой информации. Заседания транслируются посредством интернет-ресурса ЦКР и обеспечены сурдоперевод

После каждого заседания проводятся брифинги для СМИ, где даны исчерпывающие ответы на все вопросы журналистов. Все постановления, пресс-релизы и иные информационные материалы референдума размещены на интернет-ресурсе комиссии и доступны всем. Изготовлены и распространены в республиканских и региональных СМИ информационно-разъясняющие видео, аудиоролики, интернет-баннеры, модули для печатных изданий.

Таким образом, со стороны комиссии приняты все необходимые меры по обеспечению открытости и гласности процесса подготовки к референдуму.

На мероприятии выступили министр информации и общественного развития Аскар Умаров. Он отметил, что Министерством информации и общественного развития РК привлечены все информационные ресурсы, а также проводится постоянный мониторинг информационного поля. Так, в СМИ и социальных сетях растиражированы информационные сообщения и графическая продукция по поиску участка для голосования в каждом регионе.

В агитационный период с 5 мая мониторингом охвачено 499 республиканских и региональных СМИ, в том числе 321 газета, 47 телеканалов и 131 интернет-ресурс. По состоянию на 26 мая 2022 года нарушения агитации не зафиксированы.

Вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Асет Турысов проинформировал участников совещания о проделанной работе ведомства по разработке сервиса «Поиск участка для голосования по ИИН».

Данный сервис размещен на трех информационных ресурсах:

  • https://www.gov.kz/referendum;
  • https://referendum.gov.kz;
  • https://referendum2022.gov.kz.
  • Гражданин Казахстана через ИИН находит свой участок референдума. В случае отсутствия участка автоматически отображаются списки call-центров акиматов.
  • Аналогичный сервис разрабатывается на приложениях Kaspi.kz и Homebank Народного банка Казахстана. На днях ожидается запуск данного сервиса.
  • Также выступили представители акиматов областей о проделанной работе по информированию граждан о референдуме, работе колл-центров, Telegram ботов по предоставлению информации об участках голосования граждан.
  • Особое внимание председатель ЦКР уделил вопросу по голосованию граждан с открепительными удостоверениями.
  • Нурлан Абдиров отметил, что в случае перемены гражданином места своего пребывания он вправе с 20 мая до 18.00 4 июня получить открепительное удостоверение на основании заявления в участковую комиссию.
  • Допускается получить открепительное удостоверение на основании доверенности. При этом нотариальное заверение доверенности необязательно.
  • При предъявлении открепительного удостоверения участковая комиссия в день голосования включает гражданина в список на участке по месту его пребывания.
  • Открепительное удостоверение не выдается гражданам, желающим участвовать в голосовании на другом участке в пределах одного населенного пункта.
  • В завершение совещания Нурлан Абдиров отметил, что до дня голосования осталось немного времени. Поэтому важно «усилить все необходимые меры по информированию граждан о предстоящем референдуме, включая ресурсы СМИ, SMS-рассылок, функционирования колл-центров, Telegram ботов при акиматах».
  • Казахстанцы также должны проявить гражданскую активность и проверить себя в списках, в случае невключения обратиться в соответствующие участковые комиссии по месту регистрации, также при перемене места своего пребывания своевременно получить открепительные удостоверения для голосования. Всем гражданам республики должна быть обеспечена возможность реализации их конституционного права на участие в референдуме, – подчеркнул председатель ЦКР.
https://www.zakon.kz/6015425-v-tskr-sostoialos-soveshchanie-po-voprosam-informirovaniia-grazhdan-pri-provedenii-referenduma.html
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Неліктен референдумға қатысу маңызды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Конституциялық реформа нені көздейді? Неліктен референдумға қатысу маңызды?

Бұл сұраққа ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа  Жолдыбалина жауап берді. 

Референдум –  халық пен мемлекет үшін маңызды процес. Халық арасында неге референдум болайын деп жатыр сұрақ бар. Осы орайда сайлау мен референдумның айырмашылығына тоқтала кетсек,  негізі екеуі ұқсас процес, екеуінде де халық қатысады. Бірақ референдумде кез келген мәселе күн тәртібіне шыға бермейді. Онда жиі шығатын мәселе конституциялық өзгеріс, екінші мәселе Президенттің өкілеттігін ұзартуға байланысты өткізеді және үшіншіден тәуелсіздікке қатысты, яғни кез келген мемлекет белгілі одаққа мүше болады немесе одан шыққан кезде референдум өткізеді. Демек, халық үшін маңызды тақырыптар референдум арқылы шешімін табады, – деді спикер орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Алуа  Жолдыбалинаның айтуынша, биыл конституциялға енгізілген өзгерістер ол тарихи өзгерістер.

Бұған дейін «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» сараптамалық алаңының кезекті отырысында  Алуа  Жолдыбалина өлім жазасынан бас тартсақ, қылмыс көбеюі мүмкін бе деген сұраққа жауап берген болатын. 

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/nelikten-referendumga-qatysu-manyzdy_279101/

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 61-бап

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі заң шығарушы органның тікелей міндетін, яғни заң шығару құқығын белгілейтін 61-бапта 4 тармаққа өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

61-бапқа енгізілген алғашқы өзгерту, анығы – толықтыру тікелей халықтың мүддесін көздейді. Себебі аталған баптың 2-тармағы жаңадан екінші бөлікпен толықтырылды. Онда кезек күттірмес мәселеге қатысты жылдам шешім шығарып, дереу заң қабылдап, дер кезінде іске қосу қадап айтылған. Ал енді бұндай «төтенше жағдайға» не жатады дегенге келер болсақ, халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіп пен елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайлар.

Ата заңымыздың жаңадан ұсынылған нұсқасында осындай жағдайлар болса, ұсынылған заңдарды Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің дереу қарауы керек екені атап көрсетілді.

Ал осы 61-баптың 2-тармағына енгізілген екінші бөлікті осы баптың 3-тармағына енгізілген үшінші бөлікпен нақтылай түседі. 

61-бапқа енгізілген басқа өзгертулер Парламент палаталарының заң шығаруға қатысты ережелерін пысықтап, жетілдіре түскен. Сонымен бірге Сенат пен Мәжіліс арасындағы заң шығару, оған келісім беру, Президенттің қол қоюына ұсынуға қатысты 61-баптың 5-1-тармағы алынып тасталды. Оның орнына 4-5-тармақтар жаңа редакциямен ұсынылды.

Сонымен, Конституциядағы ең көп тармағы редакцияланған баптардың бірі – 61-баптың қалай өзгергенін толығырақ төменнен оқып көріңіздер.

Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.

61-бап

Жаңа нұсқада: 61-бапта:

1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті қорғауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Республика Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің дереу қарауына жатады.»;

Ескі нұсқада: 61-баптың 2-тармағы

2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi. 

Жаңа нұсқада: 61-бапта:

2) 3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген заң жобалары Парламентке енгізілген жағдайда, Республика Үкіметі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілер қабылдауға өзінің жауапкершілігімен хақылы, олар Парламент қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Парламент заңдарды қабылдамағанға дейін қолданыста болады.»;

Ескі нұсқада: 61-баптың 3-тармағы

3. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, мыналарға:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне;

2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;

3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;

4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;

5) республикалық бюджетке;

6) сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;

7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;

8) кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;

9) айналадағы ортаны қорғауға;

10) республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;

11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.

Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі.

Жаңа нұсқада: 61-бапта:

3) 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған заң Сенатқа беріледі, ол онда алпыс күннен асырылмай қаралады.

Мәжіліс заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен тұтастай қабылдамауға хақылы. Бас тартылған заң жобасы қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.

Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Егер Сенат заңды тұтастай немесе оның жекелеген баптарын мақұлдамаса, онда заң Мәжіліске қайтарылады. Бұл ретте Сенат Мәжіліске заңның жекелеген баптарының редакциясын ұсынуға құқылы.

Егер Сенат алпыс күннің ішінде тиісті шешім қабылдамаған жағдайда, заң Президенттің қол қоюына беріледі.

5. Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен келіссе, Мәжіліс заңды жаңа редакцияда қабылдаған және Сенат мақұлдаған болып есептеледі және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.

Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына сол көпшілік дауыспен қарсылық білдірсе, сондай-ақ егер Сенат заңды тұтастай мақұлдамаған жағдайда, Палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.

Заңның келісу комиссиясы тұжырымдаған редакциясы осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен Мәжілістің және Сенаттың қарауына жатады.

Мәжіліс келісу комиссиясы ұсынған редакциядағы заңды Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылдамаған жағдайларда, Мәжіліс бұрын қабылданған редакциядағы заң бойынша қайтадан дауысқа салуды жүргізеді.

Егер қайтадан дауысқа салу кезінде Мәжіліс Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді бекітсе, заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.

Егер заң Мәжіліс депутаттарының көрсетілген көпшілік даусын алмаса, заң қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.»;

Ескі нұсқада: 61-баптың 4-5-тармақшалары

4. Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде алпыс күннің ішінде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған жоба заңға айналады және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгізуге болмайды.

5. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен заң жобасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен ұсынылған өзгертулермен және толықтырулармен келіссе, заң қабылданды деп есептеледі. Егер Мәжіліс нақ сондай көпшілік дауыспен Сенат енгізген өзгертулер мен толықтыруларға қарсы болса, Палаталар арасындағы келіспеушілік келісу рәсімі арқылы шешіледі.

Жаңа нұсқада: 61-бапта:

4) 5-1-тармақ алып тасталсын.

Ескі нұсқада: 61-баптың 5-1-тармағы

5-1. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен мақұлданған конституциялық заң жобасы Сенатқа беріледі, онда алпыс күннен асырылмай қаралады. Сенат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданған жоба конституциялық заңға айналады және он күн ішінде Республика Президентіне қол қоюға ұсынылады. Конституциялық заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжіліс немесе Сенат Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады.

Сенат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен конституциялық заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келіссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеледі.

Егер Мәжіліс, Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар бойынша дауыс беру кезінде олармен депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен келіспесе, онда палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап, 6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап, 47-бап, 50-бап, 51-бап, 52-бап, 53-бап, 54-бап, 55-бап, 56-бап, 57-бап, 58-бап.

#конституция #Ата заң #референдум #61-бап #Конституциялық реформа #Конституция-2022

Ержан ЖАУБАЙ
Фото: ашық дереккөз

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-61-bap_279140/

Рубрика: Архив | Оставить комментарий