Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 52-бап

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ата заңымыздың Парламент депутаттарының құқықтары мен міндеттеріне арналған ІҮ бөлімінде барлық бап өзгертуге ұсынылды деуге болады.
Бүгінгі түсіндірме жасайтын бап – 52-бап. Бұл бапта депутаттардың депуттатық мандаты қандай жағдайда тоқтатылатыны ашып көрсетілген.
Мысалы қазіргі кездегі қолданыстағы Конституцияның 52-бабының 5-тармағының үшінші бөлігінде «депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан кезде немесе шығарылған жағдайда; конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылатыны» атап көрсетілген болатын. Енді Конституциялық реформа бойынша референдум өткен соң ол жағдай басқаша болады.
Яғни, жаңа жобада көрсетілгендей, бұдан былай сайлаушылардың өзі депутатты депутаттық мандаттан айыра алады. Бұл бұған дейін Тәуелсіз еліміздің тарихында болған жоқ десек те болады.
Енді сайлауға түскенше уәдені үйіп-төгіп, депутат атанған соң ұшты-күйді жоғалатын депутаттар, сайланған соң да өз сайлаушыларымен тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Егер халыққа берген уәдесін орындамай немесе халықтың мұң-мұқтажын тыңдамаған, жоғарыға жеткізбеген депутаттарды халық қайтадан мандатынан айырып тастай алады.
Жалпы, бұған дейінгі талдауларымызда да атап өткеніміздей, Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын өзі бас болып жүзеге асырып жатқанын осы Конституциялық реформа аясынан-ақ байқауға болады.
Сонымен, халық қалулыларының тағдырын шешуге бағытталған 52-бапта не өзгергенін төменнен оқып көріңіздер.
Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.
52-бап
Жаңа нұсқада: 52-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Парламент Мәжілісінің депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес партиялық тізім негізінде өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес партиялық тізім негізінде депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан;
3) бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты конституциялық заңда айқындалатын тәртіппен сайлаушылар кері шақырып алған кезде өз мандатынан айырылады.».
Ескі нұсқада: 52-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі
Парламент Мәжілісінің депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады.
Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап, 6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап, 47-бап, 50-бап, 51-бап
https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-52-bap_278543/

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Конституциялық түзетулер мен референдум мәні – сарапшылар не дейді

ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін толықтырулар енгізу туралы бастама көтерген болатын. Осылайша, Ата заңның 33 бабына түзетулер әзірленді, бұл – оның үштен бір бөлігіне өзгерістер мен түзетулер енгізіледі деген сөз. Президент 5 маусымда республикалық референдум өткізу жөнінде жарлыққа қол қойды. Енді Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізіле ме, жоқ па, оны халықтың өзі шешеді. Мамандар мұндай конституциялық реформа барлық мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге бағытталып отыр дейді. Осы тұста референдум не үшін керек, азаматтар неге қатысуы тиіс? Конституцияға нақты қандай түзетулер енгізіледі, жалпы халық үшін бұл толықтырулар не береді деген сауалдарға жауап алу мақсатында материал дайындауды жөн санадық. Толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының материалында. Жалпы 33 бапқа 56 толықтыру енгізу жоспарлануда. Енді бұл қандай өзгерістер дегенге қысқаша тоқталсақ, Конституцияда «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен ықпалды Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түбегейлі көшу, мәслихаттардың ықпалын арттыру, Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделін енгізу көзделіп отыр. Сонымен қоса Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту, Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салу секілді мәселелері қамтылған. Бұдан бөлек құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мемлекет басшысы өз сөзінде мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатқанын, алдағы конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсететінін баса айтып өткен еді. «Конституция үш нақты мақсатқа бағытталып отыр» ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, з.ғ.д., КазГЮУ профессоры Индира Әубәкірова да қазір еліміздің бүкіл саяси ландшафты өзгеретін тарихи кезеңде тұрғанымызды атап өтті. Оның айтуынша, Конституциядағы өзгерістер заңның үстем болуына, барлық салада тәртіп пен әділеттіліктің орнауына бағытталып отыр. Осы тұста «түзетулердің мәні неде?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Оған сарапшы былай деп жауап берді: «Біріншіден, Конституция біріктіруші, топтастырушы рөл атқаруы керек. Ал Мемлекет басшысының ниеті – «Жаңа Қазақстанды» бірге құру. Конституцияны жаңарту міндеті де қоғамдағы сенімді арттыру. Осы тұрғыдан алғанда жаңартылған Конституция үш нақты мақсатқа бағытталып отырғанын көреміз. Олар – заңның үстемдігі, демократиялық үдерістерді нығайту және биліктің бөлінісі мен тепе-теңдік тетігін күшейту. Айта кетерлігі, Екінші Республиканың ең маңызды құндылықтары заңмен, тәртіппен, әділдікпен байланысты. Конституция қоғамдық қатынастарға нақты әсер ету рөлін атқаруы керек. Кез келген қоғамда әділетсіздік экономикалық теңсіздіктен де ауыр қабылданады. Екінші Республикада қоғам өмірін анықтау үшін мемлекеттің функциялары әділеттілікке негізделуі керек»,-деді профессор. Оның пайымынша, әділ мемлекет – ең алдымен, тең мүмкіндіктер мемлекеті. «Мүмкіндіктер теңдігі – қоғамдағы барлық лауазымдарға жеке жетістіктер, еңбек, талантты болу арқылы іріктелу және саяси бәсекелестік нәтижесінде қол жеткізу. Ал адамның әл-ауқатының артуы, экономикалық әл-ауқатының артуы, жоғары мәртебеге, лауазымға көтерілуі бастапқы қызметіне байланысты емес, оның жеке сіңірген еңбегіне, еңбекқорлығына, іскерлігіне негізделуі керек»,-деп толықтырды. Сондықтан да оның айтуынша, конституциялық түзетулердің негізінде тең жағдай жасау идеясы жатыр. «Құқық үстемдігі дегеніміз не? Бұл, ең алдымен, адам құқықтарының үстемдігі. Конституцияға түзетулер енгізу арқылы адам құқықтары кепілдіктерінің нақты институционалдық жүйесі белгіленеді. Жүзеге асырудың нақты құралы бар жерде құқық бар. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмі бар жерде құқық бар»,-деді Индира Әубәкірова. Бұл пікірді PhD, М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ Экономика жоғары мектебінің доценті Икболжон Корабоев та бөліседі. Ол соңғы жылдары әлем елдерінде болған жағдайларға көз жүгіртіп, конституциялық реформалар легитимділік аспектісінің үш өлшеміне сәйкес болу керек екенін атап өтті. «Біз әлемдік қауымдастықтардың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп жүргенін көріп жүрміз. Кейде қазіргі заманауи кедергілерге қарсы тұрып, проблеманы шешу үшін Конституцияға өзгеріс енгізу қажет. Мәселен, 2015 жылы Парижде болған терактіге байланысты халық француз үкіметін ішкі және халықаралық терроризммен күресу үшін Конституцияға өзгеріс енгізуді талап етті. Бұл жерде тек кейбір бөлімдеріне ғана өзгеріс енгізу мәселесі көтерілді. Ал кей елдерде тіптен жаңа Конституция жазылу керегі де айтылып жүр. Оған мысал ретінде бауырлас ел Түркияны келтіруге болады. Жалпы конституциялық реформалар легитимділік аспектісінің үш өлшеміне, атап айтқанда демократиялық, құқықтық және ғылыми критерийлерге сәйкес болуы тиіс. Сонда ғана Конституцияны өзгерту тиімді болмақ, сонда ғана демократиялық құқық пен конституциялық тәртіптің орнауына ықпал етеді»,-деді сарапшы. Референдум: әлемдік тәжірибе Ал Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина референдумды ұйымдастыруда халықтың белсенді болуы маңызды екенін атап өтті. Сонымен қоса әлемдік тәжірибеге тоқталды. «Халықтың референдумға қатысу белсенділігі өте маңызды. Өйткені Конституцияға енгізілетін өзгерістердің барлығы референдумның нәтижесіне тікелей байланысты. Жалпы референдум – үлкен саяси оқиға. Әлем елдеріне назар аударсақ, соңғы жылдары біраз мемлекетте референдум өткені белгілі. Мәселен, соңғы екі жылда Батыс елдерінде референдум 149 рет өткен. Ал Таяу Шығыста – 93 рет, Азия мемлекеттерінде – 30 рет, АҚШ-та – 49 рет ұйымдастырылған. Жалпы 799 референдум өткен. 2014 жылы Шотландияда референдум өтті. 2016 жылы Ұлыбритания, Әзербайжан мемлекетінде, 2017 жылы Түркияда ұйымдастырылды. Бүгінде референдум саяси институт ретінде шет мемлекеттерде халықтың пікірін ескеруге бағытталған механизм ретінде танымал екенін көрсетіп отыр»,-деді ол. «Адам құқығы құнды мемлекетте өлім жазасынан бас тарту – үлкен жетістік» Айта кету керек, өлім жазасына тыйым салуды Конституцияда бекіту туралы ақпарат халық арасында әртүрлі топшыланып жүр. Осы тұста ҚСЗИ маманы адам құқығы мен бостандығы құнды мемлекетте өлім жазасынан бас тарту – үлкен жетістік екенін айтты. «Өлім жазасына толыққанды тыйым салып отырмыз. Бұл біздің мемлекет үшін үлкен өзгеріс болмақ. Бірақ әлеуметтік желілердегі жазбалар мен БАҚ-тағы материалдарға назар аударсақ, азаматтарымыз мұны әлі толықтай түсінбей отыр. Өйткені «өлім жазасына тыйым салсақ, қылмыс саны артып, жағдай ушығып кетуі мүмкін» деген пікір айтылып жатыр. Көп мемлекетте, мәселен, Сингапур, Малайзия, Иран секілді елдерде нашақорлыққа қатысты қылмыстарға өлім жазасы қолданылады. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, өлім жазасы қолданылатын мемлекеттер өте көп қателік жібереді екен. Мысалы, АҚШ-та 1973 жылдан бастап осы кезге дейін 184 қылмысқа қатысты өлім жазасы қате кесілген. Кейін белгілі болған соң ғана оларды өлім жазасынан босатқан болатын. Бұл құқықтық қателік болуы мүмкін. Адам құқығы мен бостандығы құнды мемлекетте өлім жазасынан бас тарту – үлкен жетістік»,-деді сарапшы. Жалпы азаматтардың кейбірі өлім жазасынан бас тартудың салдары ауыр болуы мүмкін екенін, яғни қылмыс саны артуы мүмкін екенін алға тартады. Алайда Алуа Жолдыбалинаның айтуынша, ғылыми зерттеу мүлдем басқа нәтижені көрсетіп отыр. «Өлім жазасы қоғамдағы қылмыс деңгейіне әсер етпейді екен. «Бас тартсақ, қылмыс артады» дейді, бірақ зерттеулер олардың бір-бірімен байланысы жоқ екенін көрсетіп отыр. АҚШ-тың кей штатында өлім жазасы бар, кейбірінде жоқ. Статистикаға сүйенсек, ешқандай айырмашылық жоқ екен. Тіпті, өлім жазасы жоқ штаттарда адам құқығымен байланысты істер құпия әрі дұрыс қаралады екен. Міне, Қазақстанның өлім жазасынан «жаза» ретінде бас тартуы – үлкен жетістік деп айтуға негіз бар»,-деді ол. Сауалнамаға қатысқандардың 66,4%-ы референдумға қатысуға ниетті Бұдан бөлек, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов 9-12 мамыр аралығында институт Қазақстан азаматтарының конституциялық реформалар мен референдумға көзқарасын анықтау мақсатында телефон арқылы әлеуметтік сауалнама жүргізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, сауалнамаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және барлық облыстардан 1200 респондент қатысқан. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 66,4%-ы референдумға қатысуға ниетті екені белгілі болды. Еске салайық, заң бойынша сайлаушылардың 50%-дан астамы қатысқан жағдайда референдум өтті деп есептеледі. «Ал біз қазірдің өзінде 66,4% туралы айтып отырмыз. Жалпы, сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың 77%-ы алдағы жалпыхалықтық референдум туралы естіген. Сонымен қоса Президенттің референдум өткізу туралы бастамасын қазақстандықтардың 76,4%-ы қолдаған. Яғни, қазақстандықтардың басым көпшілігі жүргізіліп жатқан өзгерістердің маңыздылығын түсінеді. Респонденттердің 15,4% референдум идеясын қолдаған жоқ. 8,2%-ы әлі өз таңдауы туралы шешім қабылдамаған», – деді институт директоры. Референдум өткізуге 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді Қаржы министрлігінің мәліметінше, Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есеп-қисапты ұсынды. Үкімет осыған байланысты Қаулы қабылдап, қаржы республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді деп жоспарланған. Айта кетейік, елімізде 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Учаскелерде дауыс беру үшін барлық жағдай жасау тапсырылды. Ал референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне тоқталсақ, 15 мамырдағы ақпарат бойынша, бұл тізімге 11 млн 722 мың 536 адам енгізілген. Жергілікті атқарушы органдар учаскелердің дауыс беру күніне дайындық мәселесін бақылауда ұстайды. Мүгедектігі бар адамдар үшін барлық жағдайды қамтамасыз ету бағытында қажетті іс-шаралар жүзеге асады. Осы орайда оларға ыңғайлы болуы үшін инвотакси тарту мәселелері және басқа да қадамдар қосымша пысықталады. Референдумда өңірлердің үштен екісінің халқы жақтап дауыс берсе, Конституцияға өзгеріс енгізіледі.

https://www.inform.kz/kz/konstituciyalyk-tuzetuler-men-referendum-mani-sarapshylar-ne-deydi_a3934351

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Почти 40 международных наблюдателей прибудут на референдум в Казахстане

18 мая Центральная комиссия референдума РК приняла постановление об аккредитации наблюдателей международных организаций и иностранных государств, которые будут присутствовать на референдуме 5 июня. Об этом сообщается на официальном сайте ЦИК.

 

Источник: Nur.kz

В ЦИК сообщили, что по представлению МИД на аккредитацию представлены 39 наблюдателей от 3 международных организаций и 5 иностранных государств. Среди них:

  • 6 наблюдателей в составе Миссии наблюдателей от СНГ;
  • 5 наблюдателей от Миссии наблюдателей от Организации тюркских государств;
  • 17 наблюдателей от МПА СНГ;
  • 11 наблюдателей от Азербайджана, Беларуси, Болгарии, Грузии и Молдовы.
  • Уточняется, что это не окончательное число наблюдателей.
  • Данные по ним будут обновляться. Аккредитация наблюдателей международных организаций и иностранных государств продлится до 18:00 30 мая. С соответствующим текстом постановления можно ознакомиться по данной ссылке.
  • Ранее были озвучены правила голосования на референдуме. Кроме того, на заседании Центральной комиссии референдума рассказывали, кто из казахстанцев сможет голосовать на референдуме, а также о том, какие варианты ответа будут в бюллетене.

 

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

#ReferendumAMANAT

Депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан, член Комитета по аграрным вопросам, Аскарбек Съезбекович Уисимбаев провел встречу с жителями с. Спиридоновка Егиндыкольского района.
Целью визита депутата Мажилиса Парламента РК является встреча с населением по поводу разъяснения вносимых поправок в Конституцию РК и утверждения этих поправок народом страны на предстоящем референдуме 5 июня текущего года.
На встрече с жителями села Спиридоновка приняли участие также аким района Ерлан Мухамедин, депутат Акмолинского областного маслихата, член областного Политсовета, директор ТОО «Коржинколь-А» Абилкайыр Ошакбаев и исполнительный секретарь районного филиала партии «AMANAT» Ольга Топоркова.
Депутат отметил, что всеобщее голосование граждан по проекту конституционных поправок продемонстрирует нашу твердую приверженность демократическим принципам. Конституционная реформа нацелена на комплексную трансформацию всей государственной модели.
Поправки призваны закрепить окончательный переход от “суперпрезидентской” формы правления к президентской республике с влиятельным Парламентом и подотчетным Правительством. Конституционная реформа значительно усилит представительную ветвь власти, укрепит систему сдержек и противовесов, повысит субъектность маслихатов.
Внедрение смешанной мажоритарно-пропорциональной модели избрания депутатов мажилиса и областных маслихатов позволит в более полной мере охватить весь спектр взглядов и мнений избирателей. Предстоящий референдум позволит каждому гражданину принять непосредственное участие в историческом событии, которое определит будущее Казахстана.
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Ерлан Қарин Конституцияға енгізілетін өзгерістерді беске бөліп түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық реформа Президенттің 2019 жылы бастаған бүкіл саяси реформасының қисынды жалғасы болды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин өзінің YouTube арнасында Конституцияға ұсынылатын негізгі өзгерістерді түсіндіру кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде дамудың жаңа кезеңінде Қазақстанды ауқымды саяси жаңғырту күтіп тұр және бұл Конституциялық реформасыз мүмкін болмайды. Өзгерістер Конституция баптарының үштен біріне қатысты болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей, Ата заңға енгізілген түзетулер еліміз үшін тағдыршешті мәнге ие. Сондықтан Конституцияға өзгеріс енгізу мәселесі Парламентте емес, республикалық референдумда шешілетін болады. Конституциялық реформа дегеніміз – Президенттің 2019 жылдан бергі бүкіл саяси реформаларының қисынды жалғасы. Бұл реформалар бойынша 10 заң қабылданған», – деді Мемлекеттік хатшы.
Оның айтуынша, конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұраныстарына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылады.
«Жоба бойынша жетекші ғалымдар, құқықтанушылар жұмыс істеді. Бәлкім көпшілігіңіз үшін Конституцияның ескі және жаңа редакциясы арасындағы айырмашылықты бірден көру қиын болады. Сондықтан біз барлық өзгерістер мен толықтыруларды бес ірі блокқа бөлдік, олардың әрқайсысы жаңартылған Конституцияда не өзгереді деген басты сұраққа жауап береді», – деді Ерлан Қарин.
Түзетулердің бірінші блогы суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшуді қамтамасыз етеді.
«Біріншіден, Президент өз өкілеттігі кезеңінде ешқандай саяси партия құрамында болмайды. Бұл тыйым Конституциялық соттың, Жоғарғы Соттың, өзге де соттардың төрағалары мен судьяларына, Орталық сайлау комиссиясының, сондай-ақ ҚР жоғары аудиторлық палатасының төрағасы мен мүшелеріне қолданылады. Түзетудің артықшылығы – саяси бәсекелестікті арттыру және барлық саяси партиялардың дамуы үшін тең жағдай жасау. Екіншіден, Президенттің жақын туыстарының мемлекеттік қызметшілер және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы болмайды. Үшіншіден, Президенттің аудандар, қалалар мен ауылдық округтер әкімдерін қызметінен босатуға құқығы болмайды», – деп түсіндірді Ерлан Қарин.
Түзетулердің екінші блогы бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлуге бағытталған.
«Біріншіден, Сенаттағы президенттік квота 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқарады. Бұл ретте олардың бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынатын болады. Екіншіден, Сенат Конституциялық Кеңес пен Жоғары Сот Кеңесі төрағаларының қызметіне Президент енгізетін кандидатураларды мақұлдай алады. Үшіншіден, Конституциялық сот құрылады. Конституциялық сот 11 судьядан тұрады – бұл қазіргіден төрт адамға көп. Оның құрамы былайша құрылады: 6 судьяны Парламент тағайындайды, төрт судьяны Президент тағайындайды, Конституциялық Соттың Төрағасын Сенат келісімімен Президент тағайындайды. Төртіншіден, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып қайта құрылады. Оның төрағасы жылына екі рет Мәжіліс депутаттары алдында есеп береді. Мұндай шара депутаттардың бюджетті бақылауын кеңейтеді», – деп түсіндірді Ерлан Қарин.
Түзетулердің үшінші блогында Парламент пен оның палаталарының рөлі мен мәртебесін арттыру туралы айтылады.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы Мәжілістен Сенатқа ауыстырылып, 9 депутаттан 5 депутатқа дейін қысқаратынын еске салды. Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланатын болады. Мәжілістің 30%-ын бір мандатты депутаттар құрамақ. Бұл барлық азаматтардың құқықтарын толық ескеруге мүмкіндік береді.
«Мәжіліске заң қабылдау, ал Сенатқа оларды мақұлдау немесе мақұлдамау ұсынылады. Бұл саяси жүйедегі кедергілер мен тепе-теңдік тетігін нығайтады», – деп атап өтті Ерлан Қарин.
Конституцияға енгізілетін түзетулердің төртінші блогы халықтың ел басқару ісіне көбірек қатысуын көздейді.
«Ең бастысы, жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі деген норма Конституцияда түпкілікті және біржақты бекітілген. Мемлекет халық атынан меншік құқығын жүзеге асырады», – деді Е. Қарин.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке Президент осы өңірдің барлық мәслихаттары депутаттарының келісімімен ғана тағайындайтын болады.
Бұл ретте Мемлекет басшысы кемінде екі кандидатура ұсынып, олар бойынша дауыс беру өткізіледі. Ең көп дауыс алған кандидат лауазымға тағайындалады.
Түзетулердің бесінші блогы азаматтардың құқықтарын қорғау тетігін күшейтуге бағытталған.
Біріншіден, Конституциялық сот азаматтар өтініші бойынша ҚР құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарайтын болады. Екіншіден, өлім жазасын конституциялық деңгейде жою туралы шешім түпкілікті бекітіледі. Үшіншіден, прокуратураның жұмысы Конституциялық заңмен белгіленеді. Бұл жүйелі құқық қорғау қызметін және мемлекет атынан ел аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды күшейтеді», – деп қосты ол.
Төртіншіден, адам құқықтары жөніндегі уәкіл иммунитетке және қандай да бір мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға тәуелді болмау және есеп бермеу кепілдіктеріне ие болады.
Оның Конституциялық сотқа жүгінуге құқығы болады.
«Мен атап өткен түзетулер Мемлекет жұмысының негізгі принциптеріне қатысты және Қазақстан үшін тарихи маңызы бар. Бұл реформалар – ауқымды саяси жаңғырудың аса маңызды кезеңі. Осы түзетулер қабылданғаннан кейін 20-дан астам заңды өзгерту қажет болады. Конституциялық реформа жүйелі сипатқа ие. Нәтижесінде барлық мемлекеттік модельдің тиімділігі артады. Бұл өзгерістердің әсерін әрбір қазақстандық сезінетін болады», – деп түйіндеді Ерлан Қарин.
https://lenta.inform.kz/kz/erlan-karin-konstituciyaga-engiziletin-ozgeristerdi-beske-bolip-tusindirdi_a3934131

Рубрика: Архив | Оставить комментарий