Табиғатқа жанашырлық – азаматтық міндет

Табиғат бұл – Жер-Ана, Жер-Ана барша адамзатқа пана болған жалғыз мекен. Сондықтан оны қорғау, аялау, таза күйінде сақтау – адамзаттың қасиетті борышы. Бүгінде Жер-Ананы, табиғатты сақтап қалу жаһандық деңгейде ғана емес, елімізде де ең өзекті міндеттердің бірі болып отыр. Бүгінгі күні Мемлекет басшы­сы­ның бастамасымен жүзеге асырылып жат­қан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жо­басы экологиялық акциядан, мем­лекеттік саясатқа, стратегиялық ба­сым­дыққа айналып үлгерді. Сондай-ақ бұдан былай табиғатқа жанашыр­лық, табиғатқа қамқорлық мемле­кет­тің, азаматтардың және бизнестің конс­титуциялық міндеті болып бекітілді.

«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қоршаған ор­таны қорғау, табиғи байлыққа ұқып­ты қарау әр азаматтың басты мін­деттерінің бірі ретінде бекітілген. Жо­ғары экологиялық мәдениетті қа­лып­тастыру – ел қызметінің негізгі қағи­да­ты. Осыған байланысты Мемлекет бас­шысының «Таза Қазақстан» бас­тама­сы Конституцияда белгіленген не­гізгі қағидат ретінде бірізділікпен жүзеге асырылуда. Біздің осы қа­ғи­датты ұстануымыздың жарқын мысалы ретінде экологиялық мәселелерді бірлесіп шешуге қоғамның барлық өкі­лін, еріктілер мен бизнесті тарту бойын­ша ауқымды жұмыс болды. Біз та­биғатқа ұқыпты қарау және та­за­лық­ты сақтау Қазақстанның әрбір азаматы үшін ішкі қажеттілік пен күнделікті өмір нормасына айналғанын қалай­мыз», – деп атап өткен болатын Премьер-министр Олжас Бектенов Президент жанындағы «жасыл экономи­каға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында.

Экология және табиғи ресурстар ми­нистрлігінің деректері бойынша, 2026 жылдың басынан бері «Таза Қа­зақстан» жалпыұлттық жобасы аясында елімізде 1 млн-нан астам ағаш отыр­­ғызылып, 4 млн-нан астам адам­ның, оның ішінде 510 мың еріктінің қа­тысуымен 200-ден астам эколо­гия­лық іс-шара өткізілді. Республика бойын­ша 76 мың гектардан астам ау­мақ тазартылып, 413 мың тонна қал­дық жиналды және шығарылды. Сон­дай-ақ 115,7 мың тонна қалдық қайта өң­деуге жіберілді. Жалпы, «Таза Қа­зақ­стан» жалпыұлттық қозғалысы бас­тау алған үш жыл ішінде елді ме­кен­дерде 5,6 млн-нан астам ағаш отыр­­ғызылып, мемлекеттік орман қоры аумағында 1 млрд-тан астам кө­шет пен жас шы­бық егілді.

Дегенмен әлі де болса, туған жер­дің қадірін білмейтін, тамшы судың киесін ұқпайтын адамдар арамызда жоқ емес. 2025 жылды қорытындылаған Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, елімізде экологиялық заңнаманы бұзудың 3 мың­ға жуық фактісі анықталған.

«2025 жыл қорытындысында эко­логиялық заңнаманың сақталуын ба­қы­лау мақсатында шаруашылық жүр­гізу­ші субъектілерге қатысты 1 105 тек­серу жүргізіліп, нәтижесінде 2 945 құ­қықбұзушылық әшкереленді. Тәр­тіпбұзу­шылық­тар­ды жою туралы 1 701 нұс­қа­ма берілді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұл – жай статистика емес, табиғат ана­ға жасалған қиянат деуге болады. Сол себепті елде компания-кәсіп­орын­дарға жаппай тексерулер жүргі­зі­ліп, экологиялық заңнамаға теріс қа­райтындарды жазалау шаралары қолға алынып жатыр. Ресми ақпаратқа сәйкес, оларға жалпы сомасы 2,38 трил­лион теңгені құрайтын 2 602 әкім­шілік айыппұл салынды. Алайда Кли­маттың өзгеруі және жасыл энергетика бойынша Орталық Азияға арналған жобалық офис ұсынған ақпарат бойын­­ша, әзірге заң бұзушылар жалпы со­масы 5,06 миллиард теңгені құрай­тын 2 357 ұсақ әкімшілік айыппұлды ға­на төлеген. Сондай-ақ шаруашылық қыз­­­метті тоқтату туралы 12 материал сот­­­қа жолданып, олардың 6-уы сот ше­шімімен қанағаттандырылды. Яғ­ни табиғатты бүлдірген осынша кә­­сіпорын біржола жабылып тынды.

Ал елімізде қалдықтарды өңдеу мә­селесінде бірқатар жаңашылдыққа қол жете бастады десек болады. Енді тау-тау қалдықтар түзетін пластиктерді өңдеп, одан тауардың түр-түрін жасайтын шикізат шығаруға болады. Атырауда пластик қалдықтарды сұранысқа ие өнеркәсіптік өнімге айналдыру ісі жолға қойылды. Шаһарда «Фибратекс» ЖШС ПЭТ-бөтелкелерді қайта өңдеп, полиэфирлі штапель талшығын өндіруге бағытталған ауқымды инвес­тициялық жобаны іске асыруда. Жо­баның негізгі көрсеткіштеріне тоқ­та­лар болсақ, қайта өңдеу қуаты – тәу­лігіне 20 тоннаға дейін пластик қал­дықтары, дайын өнім өндірісі – жылына 7 000 тоннаға дейін, жұмыс орын­­дары 67 тұрақты жұмыс орны құры­лады деп күтілуде, экономикалық әсері – өңірдің экспорттық әлеуеті артатын болады. Мамандардың ай­туын­ша, технологиялық үдеріс негізгі 3 кезеңнен тұрады. Пайдаланылған плас­тик бөтелкелерді сұрыптау және та­залау, флекс өндіру және оны әрі қарай полиэфирлі талшыққа өңдеу. Алынған өнім кәсіпорынның өзінде геосинтетикалық материалдар өн­діру­ге пайдаланылып қана қоймай, шетел нарықтарына да экспортталады.

«Бұл жоба қалдықтарды құнды ши­кізат көзіне айналдыратын айналмалы экономика қағидаттарын ен­гізу­дің жарқын үлгісі. Сонымен қатар заманауи технология­лар экологиялық және экономикалық міндеттерді қатар шешуге мүмкіндік бере­ді», – деп жоғары бағалады Экология министр­лігі.

Қоқысты қажеттілікке, қалдықты қа­зынаға айналдыру – заманауи озық тех­нологияның шыңы деп бағалауға тұрарлық. Атырауда өндірілетін по­лиэфирлі талшықтан (полиэстер және лавсан) күнделікті киім-кешек пен үй тоқымасынан бастап өнеркәсіптік материалдарға дейінгі өнімдердің кең ассортименті жасалады деп жоспар­ланған. Дереккөз: aikyn.kz

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Табиғатқа жанашырлық – азаматтық міндет отключены

Таза Қазақстан – әр азаматтың ортақ міндеті.

Табиғатты қорғап, қоршаған ортаны таза ұстау – мәдениетті қоғамның белгісі. Есіңізде болсын, табиғатты ластағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік пен айыппұл қарастырылған.

ТазаҚазақстан

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Таза Қазақстан – әр азаматтың ортақ міндеті. отключены

«Таза Қазақстан» – бұл қоршаған ортаны қорғауға, тазалық мәдениетін қалыптастыруға және туған жерге жанашырлықпен қарауға бағытталған маңызды бастама.

Таза аула, көрікті көше, жасыл аймақтар – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Табиғатты аялау мен тазалықты сақтау арқылы біз болашақ ұрпаққа жайлы әрі көркейген Қазақстанды қалдырамыз.

ТазаҚазақстан

Рубрика: Архив | Комментарии к записи «Таза Қазақстан» – бұл қоршаған ортаны қорғауға, тазалық мәдениетін қалыптастыруға және туған жерге жанашырлықпен қарауға бағытталған маңызды бастама. отключены

В Акмолинской области стартовала акция «Көшпелі заң керуені» – «Передвижной правовой караван»

В Акмолинской области началась акция «Көшпелі заң керуені» – «Передвижной правовой караван», организованная в рамках продвижения идеологии «Закон и порядок».

В Бурабайский и Зерендинский районы выехали представители прокуратуры, полиции, органов юстиции и местных исполнительных органов. В ходе акции жители смогут получить бесплатные юридические консультации, задать вопросы по действующему законодательству и получить разъяснения по интересующим их правовым вопросам.

Главная задача «Передвижного правового каравана» – сделать юридическую помощь более доступной для населения, повысить уровень правовой грамотности граждан и помочь в решении вопросов, с которыми люди сталкиваются в повседневной жизни.

Формат выездных встреч позволяет жителям получить необходимую консультацию непосредственно по месту проживания, а также наладить открытый диалог с представителями государственных органов.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи В Акмолинской области стартовала акция «Көшпелі заң керуені» – «Передвижной правовой караван» отключены

Ақмола облысында «Көшпелі заң керуені» акциясы басталды

Ақмола облысында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында «Көшпелі заң керуені» акциясы басталды.

Акция аясында прокуратура, полиция, әділет органдары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Бурабай және Зеренді аудандарына барып, тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес береді. Азаматтар заңнамаға қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан түсіндірме ала алады.

Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге қолдау көрсету.

Көшпелі қабылдаулар тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты нығайтып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмола облысында «Көшпелі заң керуені» акциясы басталды отключены